717813 қаңтар күні «Қоғамдық келісім» КММ-де  белорус этномәдени бірлестігі Рождество мерекесін атап өтті. Христиандар үшін бұл күн ерекше маңызды, өйткені бұл күні олар Иесус Христостың өмірге келуін атап өтеді.
Іс-шара шеңберінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, белорус этномәдени бірлестігінің мүшелері қонақтармен мерекенің тарихымен бөлісіп, ойын өткізді және дәл Рождествоға дайындалатын ұлттық «кутьямен» дәм татырды.Сонымен қатар калядкалар деп аталатын әндер айтылды.
Біз ежелгі қазақ жерінде ғажайып күнді қарсы алып отырмыз. Бұл мереке - жарқын, қуанышты, бақытты әл-ауқат сыйлайды, бізге үміт, сенім береді және жақынымызды қалай жақсы көруге болатынын айтады. Рождество мерекесі бізді біріктіріп, жақсылықтар мен іс-әрекеттер жасау үшін өткізіледі», - деп өз құттықтауында белорус этномәдени бірлестігінің төрағасы Любовь Ивановна Богнат атап өтті.
Бұл күні Қазақстан Республикасының Беларус Республикасындағы Елшілігінен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтан,  облыстық ҚХА төрағасы, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауовтан, Беларус Республикасының діни және ұлт өкілдерінен, Республикалық ұлттық мәдениет орталығынан, Томск, Новосібір облыстарының, Алтай өлкесінен, Беларусь Республикасының қазақ диаспорасының барлық достарынан, Патриарх Кириллден және 50-ден астам Рождество мерекесімен көптеген құттықтаулар келіп түскен.
Іс-шара барысында Любовь Ивановна этномәдени бірлестігінің жастарын және ең белсенді қатысушыларды дипломдармен және естелік сыйлықтарымен марапаттады. «Крыницы», «Надзея», «Жаураначак», «Карамельки» белорус шығармашылық ұжымдары және Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің белорус бөлімшесінің тәрбиеленушілері Рождество туралы әдемі билер, әндер мен өлеңдер орындады.

Фото

7178

Фото

7179

Фото

7180

Фото

7181

Фото

7182

Фото

7183

Фото

7184

Фото

7185

Фото

7186

Фото

7187

Фото

7188