7157Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтың әлеуметтік қормалмаған азаматтарын қолдауға бағытталған «Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық іс-шаралары бастау алды.
Биылғы жылы «Қайырымдылық керуені» акциясы «Мейірімділікпен бірлікке» атты ұранымен өтеді. Қаңтардан бастап, әр ай белгілі бір тақырыпқа арналатын болады. Қаңтар айы «Сарқыт», ақпан- «Сыбаға», наурыз- «Шәшу» ұрандарымен өткізілетін болады.
«Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық іс-шарасы аясында облыстық ҚХА мүшелері, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі және «Жаңғыру жолы» белсенділері Павлодар қаласының Аналар үйіне барды.   Іс-шара барысында «Аналар үйі» балаларына «тұсау кесу», концерттік бағдарламасын және «Сарқыт» сыйлықтар таратты.  «Сарқыт»- халқымыздың ежелгі қалыптасқан дәстрүрі- ол келген қонаққа құрмет көрсету және алғыс айту белгісі болып табылады.
Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі С.Жетпысбаев атап өткендей, біздің аймақтағы Қазақстан халқының дәстүрлерін жандандыруға бағытталған «Сарқыт» акциясының басты бастамашысы «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі болып табылады.

Фото

7157

Фото

7158

Фото

7159

Фото

7160

Фото

7161

Фото

7162

Фото

7163

Фото

7164

Фото

7165