7127Жуырда Павлодар қаласындағы «Хан сарайы» мейрамханасында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрін айшықтайтын «Достық дастарханы» фестивалі өтті.
Аталған шара өңірде осындай ауқымды түрде алғаш рет өткізіліп отыр. Ертіс-Баян өңірінде тұратын әр ұлт өкілдері бұл шараға мұқият дайындалды. Облыста жұмыс атқаратын этномәдени бірлестіктер өзерінің сал-дәстүрін сақтап қана қоймай, ұлттық тағамдарының дайындалуын сипаттап, көпшілік назарына ұсынды таңдаулы әндері мен билерін ұсынды.
Бағдарламаға сәйкес, алдымен әр ұлттың әндері шырқалды, ұлттық нақышта киінеген жас қыздар мен бозбалалар жиналған қауымға ерекше көңіл күй сыйлады.
Еліміз Тәуелсіздігін алғанына ширек ғасыр болса да, қасиетті қазақ жері өзінің бейбіт аспанын, ауызбіршілігін сақтап келеді. Тарих үшін 27 жыл уақыт қас қағым болғанымен, егемен елдің дамуы жолында үлкен қадамдар мен азаматтардың әл-ауқатын жақсарту жолындағы игі істердің жылдары болды.
Ерекше мереке соңында 200 ден асатын  қалалар мен аудандардан келген этномәдени бірлестіктер өкілдері аталған шараның демеушісі - «Хан сарайы» мейрамханасының ұжымына үлкен ризашылығын білдірді.
Павлодар қаласының әкімшілігі бұл шараның ұйымдастырушысы ретінде өздерінің кәсібилігін көрсетті, ауқымды шараны өз деңгейінде өткізді. Әр алуан ұлт өкілдерінің  басқосуы өте маңызды, өйткені жаңа жыл мерекесі қарсаңында мәдени орталықтар өздерінің жыл бойғы жұмыстарын қортындылап, келер жылға жақсы жоспарлар құруға мүмкіндік алады.

Шолпан Аққазина

Фото

7127

Фото

7128

Фото

7129

Фото

7130

Фото

7131

Фото

7132

Фото

7133

Фото

7134

Фото

7135

Фото

7136

Фото

7137

Фото

7138

Фото

7139

Фото

7140

Фото

7141

Фото

7142

Фото

7143