- Толығырақ
-
Жарияланды 11 Желтоқсан 2018
Өткен жексенбі күні Достық үйінде «Мерказ» еврей халқының «Ханука» мейрамы аталып өтілді. Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары және жастар қауымы қатысты.
Іс – шара барысында «Маоз цур» әні орындалып, «Ханука» мейрамының тарихы баяндалды. Көрермендер арасында Ханука туралы викторина ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама көрсеттілді. Қонақтар назарына «Ханука» мейрамының тарихы, тойлану дәстүрі көрсетіліп, ұлттық тәтті тағамдар ұсынылды.
Дәстүр бойынша, Ханука сегіз күн бойы аталып өтіледі. «Ханукка» сөзі иврит тілінде екі бөліктен тұрады. Бірінші «Хан» сөзбе-сөз «олар бейбітшілікке жетті» дегенді білдіреді. Екінші, «ка» - бұл әріптердің жиынтығы, олардың сандық мәні - жиырма бес. «Ханукка» сөзі «адалдық» дегенді білдіреді. Шамдар әдетте үйдің тамақтанатын бөлмесінде көрнекті орынға орнатылған. Іс-шара барысында жүргізушілер көрермендерді мерекенің көптеген салттары мен дәстүрлерімен таныстырды.
Шара барысында облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі С.Қ.Жетпісбаев барлық қонақтарды мерекемен құттықтап, еврей орталығының жұмысын атап өтіп, табыс тіледі. «Мерказ» еврей этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары («Тэйбэлах», «Анахну», «Тапуах», «Мазаль») өздерінің әдемі билер мен әндерін паш етті.
Диана Нұрсарина
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото