701630 қараша күні Достық үйінің үлкен залында Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Асқақта, бас қала - Астана!» атты мектеп оқушыларының облыстық мүшәйрасы өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары, ұстаздар, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері және т. б. қатысты.

Еліміздің жүрегі – жас Астананың 20-жылдық тойы құрметіне арналған бұл жыр бәйгесіне облыстың мектептерінен елу шақты автордан 115 өлең келіп түсті. Облысымыздың ақындарынан құралған комиссия мүшелерінің  сарабынан екшеленген соң Астананы арқау еткен балапан жырлар сұрыпталып алынды. Негізгі тақырып бойынша түскен туындылар іріктеле келе кітапша болып баспадан шығарылды.

Алғы сөзімен облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі С.Қ.Жетпысбаев шықты. Ол барлық қатысушыларды құттықтап, Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына арналған «Асқақта, бас қала - Астана» атты оқушылардың облыстық мүшәйрасына белсенді қатысқан үшін талапкер мен жетекшілді алғыс хаттармен марапатталды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының  облыстық  филиалының төрағасы Социал Айтенов мүшәйраға қатысқан және жүлделі орындарды иеленген оқушыларды марапаттады. Нәтижесінде  3-ші орынды -  Ерназ Әбдіраимов, 2-ші орынды - Ержан Тілеген, 1-ші орынорынды Жанболат Назерке иеленді.

Іс-шара соңында Социал Айтенов барлық қатысушыларды және жеңімпаздарды құттықтап, қазақ тілін білудің маңыздылығына тоқталып, оны ерекше құрмет тұту және қадірлей білу керектігін айтты. Ал жүлделі орындарға ие болған қатысушылар өздерінің өлеңдерін барлық жиналған қауым назарына паш етті.

Фото

7016

Фото

7017

Фото

7018

Фото

7019

Фото

7020

Фото

7021

Фото

7022