7009Астанада жыл сайынғы Қазақстан халқы Ассамблеясының Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттауы өтті. Жоба әр- түрлі ұлт өкілдеріне қазақ тілін, мәдениетін, дәстүрлерін таныту арқылы жастарды оқытуға бағытталған.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, жобаға қатысқан жеңімпаздар, блогерлер, зиялы кауым, БАҚ өкілдері т.б. қатысты.

Марапаттау рәсімі 3 номинация бойынша өткізілді: «Еркін сөйле – видеороликтер эстафетасы», «Асыл сөз» мектебі- Школа ораторского искусства», «Тіл мектебі- Школа языков». Шарасына 48 оқушы мен мұғалімдері келді.

Павлодар қаласынан «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары бойынша Гросс Инга Райнгольдовна, «Асыл сөз» мектебі шешендік өнерге баулу бойынша «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» КМҚК, 1 курс студенті Моисеева Ирина Юрьевна,  Этнос топтарының балалары мен жастары арасында мемлекеттік тілді насихаттайтын #ЕркінSoile бейне роликтер жеңімпазы Ханларова Карател Русланкызы марапатталынды.

Фото

7009

Фото

7010

Фото

7011

Фото

7012

Фото

7013