7003С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мен оқытушылары, өңірдің этномәдени бірлестік өкілдері Тұңғыш Президент күніне орайластырылған дөңгелек үстел шарасына қатысты.

Шараны университеттің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы  «Бірлік» студенттік ассамблеясымен бірге ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы талқыланды.

«Айреник» армян қоғамдық бірлестігінің төрайымы Эльмира Петросян еліміздің ежелгі тарихына үңілудің  маңыздылығына тоқталып, көшпенділердің жетістіктері әлем өркениетінде  терең із қалдырғанын тілге тиек етті.

«Президент сөз еткен Ұлы Жібек жолы жүздеген жылдар бұрын сауда-саттық пен мәдениеттер дамуының негізін қалап, бүгінгі күні де маңыздылығын жоғалтпаған. Бұл құндылықтарды келер ұрпақ үшін сақтау керек», - дейді Э. Петросян.

Жиналған қауым Мемлекет басшысының еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі мен қоғамдағы бебітшілікті сақтаудағы үлесін сөз етті.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірегей идеяларының арқасында Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің барлығы бірлік пен берекенің шарапатын көруде. Бұл – әлемге үлгі», - дейді студенттік ассамблеяның төрағасы Рамиль Смаилов.

Фото

7003

Фото

7004

Фото

7005

Фото

7006

Фото

7007

Фото

7008