- Толығырақ
-
Жарияланды 25 Қараша 2018
Жуырда Павлодар қаласындағы «Достық» концерт залында «Т.Шевченко атындағы украин мәдениеті серіктестігі» облыстық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына орай мәдени кеш өтті.
Мерейтойлық шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, өңірдегі мәдени бірлестіктердің өкілдері, Украин ұлтының өкілдері, өзге өңірлерден келген меймандар мен дін қызметкерлері қатысты.
Салтанатты шара барысында Мейрам Бегентаев бірлестікті құттықтап, аймақ басшысының арнайы Алғыс хатын табыс етті.
- 25 жыл көп те, аз да уақыт емес. Егер өткенді еске алып, тарих беттеріне үңілер болсақ бұл бірлестік өте қиын кезде құрылды. Бірақ соған қарамастан украин бірлестігінің өкілдері ұрпағы үшін өз елінің мәдениетін, тарихын, тілін сақтай отырып, Қазақ елінің татулығы мен бірлігіне, елдегі атқарылған өзекті мәселелерді жүзеге асыруда үлес қосып келеді. Алдағы уақытта да біз сіздермен бірлесіп, ортақ мүддеде жұмыстар істей береміз деп сенемін, - деді М.Бегентаев.
Мерекелік концерт барысында Украин елінің ұлттық салт-дәстүрлері көрсетіліп, әндері шырқалды. «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» деген «Т.Шевченко атындағы украин мәдениеті серіктестігі» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Михаил Парипса орталықтың атқарған істеріне тоқталып өтті.
- Біз бақытты елде өмір сүрудеміз. Әлемнің өзге жерлерінде болып жатқан алапат соғыс пен ұлтараздық қақтығыстар мұнда жоқ. Оған жол да берілмейтіні анық. Қазақстанда мекен ететін әр ұлт өз тілін ұмытпай, салт-дәстүрін жаңғыртуда. Мұндай жақсылықты тек Қазақ қана жасай алады. Біздің бірлестік 1993 жылы құрылды. Содан бері украин халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және мәдеиетін жаңғырту мен қатар өңірдегі ұлттар достығы мен өзара келісімді нығайтуға үлес қосып келеміз, - деді М.Параписа.
Тарих беттеріне үңілер болсақ, 1956 жылдан бастап украиндар тың және тыңайған жерлерді игеруге, кейін Павлодар-Екібастұз өңіріндегі өндірістік саласына атсалысу мақсатында қоныс аударған. 1990 жылдары өңірдегі украин ұлты өкілдерінің саны 70 мыңнан асатын болса, бүгінде олар 40 мыңға жуық. «Т.Шевченко атындағы украин мәдениеті серіктестігі» облыстық қоғамдық бірлестігінің Екібастұз, Ақсу қалалары, Ақтоғай, Қашыр, Шарбақты, Успен, Павлодар аудандарында филиалдары бар.
Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ
облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото