6954 АубакироваКеше ғана Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық  мақаласы жарық көрді.  Жалпы бұл  бағдарламалық мақаладан  ұлттық рухтың айрықша салтанат құрғанын көруге болады. Стратегиялық сипатқа ие бұл бағдарламалық мақала  көрқырлы, әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсінумен  қабылдауға шақырады.

Аталған мақаланың «Тарихи сананы жаңғырту» бөлімі бойынша  «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты бір қырына тоқталғым келеді.  Онда біріншіден атақты тұлғаларымыздың құрметінде саябақтар ашып,  екіншіден мемлекеттік тапсырыс арқылы қазіргі әдебиеттегі, жалпы мәдениет саласында және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдардың, ақындармен ел билеген  тұлғалардың галереясын жасауды қажет екенін атап айтты.

Қорыта айтқанда осы Ұлы далада  өмір сүріп отырған  бүгінгі халық , өзімізді адамзат өркениетіне  өлшеусіз үлес қосқан ұлттың   ұрпағы   және мәңгілік  дамуға  жаңа бағыт берген мәдениеттің өкілі  екенімізді ұмытпауымыз қажет.  Сол себепті Елбасының анықтап берген жеті қыры тарихшыларға, философтармен мәдениеттанушыларға  және де т.б. ғалымдардарға ашылған даңғыл жол болып табылады.

PhD  доктор, философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының  қауымдастырылған профессоры (доцент) Аубакирова С.С.

Фото

6954 Аубакирова