694321 қараша күні «Қоғамдық келісім» КММ-ніңконференц-залында Бектеміров Рашит Бектемірұлының «Ашаршылық» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітапқа автордың әр жылдары жазған шығармалары, естеліктері мен мақалалары енгізілген. Кейбір әңгімелері мен мақалалары «Найзатас» журналы мен «Сарыарқа самалы» және басқа да басылымдарда жарық көрді. Сөз етілген шағын әңгімелердегі кейіпкерлердің аты-жөні, атқарған қызметтері, тіпті жылдары да көрсетілген. Кітап қалың оқырман мен жастарға арналған.

Рашит Бектеміров 1945 жылдың сәуірінде Павлодар қаласының маңындағы Шақат ауылында дүниеге келді. Ауылдағы жетіжылдық мектептен кейін Павлодар қаласындағы  Абай атындағы №10 қазақ орта мектебіне жалғастырып оны 1964 жылы бітіреді. Сол жылы Павлодардың индустриалды институтына түсіп, оны тәмамдаған соң екі жыл әскер қатарында офицер болып міндетін атқарады.

Еңбек жолын қаладағы жобалау институтында инженер –конструктор болып бастады. Көп жылдар Май ауданында әр салада қызмет атқарды. Шаруашылықта механиктен бас инженер, аудандық партия комитетінің нусқаушы, совхоздың партия комитетінің секретары, Май аудандық ауылшарушылық басқармасының бас инженері қызметтерін атқарды. 90 жылдардың аяғында біраз жылдар кәсіпкерлікпен де айналысты

2004 - 2008 жылдар аралығында Май аудандық маслихат хатшысы қызметінен зейнеткерлікке шықты. Бес ұл мен үш қыздың ішіндегі ұлдың кенжесі болып өсті. Әкесінен 11 жасында қалды. Жасынан көркем әдебиет кітаптарды көп оқыды, содан да болар, жалпы әдебиетке деген құмарлығы басылмады. Мектепте оқып жүргенде өлең де шығарып жүрді, бірақ оған әуесқойлықпен қарап мән бермеді. Мектеп қабырғасында жүргенде көркемөнерпаздар ұйымына қатысып концерт қойып жүрді.

Анасы Кәтай әңгімешіл болды. Сонау қиын қыстау кезінде болған оқиғаларды, әсіресе сонау ашаршылық жылдарындағы жан сақтап қалу үшін сан- қилы қиыншылықтарды бастан кешкендерін жыр қылып  айтып отыратын Анасы өмірінде дәрі-дәрмек ішіп көрмеген, ауырса халық емін қолданатын. Ата-ананың алдындағы балалық парыз ретінде анасының әңгімесінің желісімен осы «Ашаршылық» атты қикаяны жазыпты.

Зейнеткерлік жасқа шықса да қоғамдық жұмыстарға белсенді араласты. 2014 жылдан облыстық ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссиясының төрағасы.

«Найзатас» журналы, Республикалық «Ардагер айнасы», облыстық «Сарыарқа самалы», «Ардагер-ветеран» және Май аудандық «Шамшырақ» газеттерінің бетінде шығармалары, мақалалары жарық көрді.

Іс-шара барысында Алғашқы сөзімен  кітабінің авторы Рашит Бектеміров шықты. Ол кітаптың қысқаша мазмұны жөнінде айтып, оның маңыздылығын мен құндылығын түсіндірді. Өз кезегінде, жаңа кітапты басып шығарған авторды кітаптың алғы сөзін жазған, «Ұлағат» қоғамдық бірлестігі қорының төрағасы Мақұлов Ульян Мақұлұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шөкеев Рымтай Шөкейұлы, мемлекеттік қызмет ардагерлерінің облыстық кеңесінің төрағасы М.П.Юрьев, «Абу-Ханифа» қоғамдық қордың төрағасы Кеңесбаев Кенже Садуақасұлы және «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Ш.Максилова құттықтады.

Кітаптың тұсаукесерін өткізу құрметі Шөкеев Рымтай Шөкейұлына және «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысына Күлжан Нұрлан Мұқатайұлына берілді.

Іс-шара барысында әдемі әндер орындалды, облыстық «Ңұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің апалары шашу шашты және барлық қонақтарға кітаптар таратылды. Жиын соңында Рашит Бектемірұлы кітапты басып шығаруға көмектескен барлық адамдарға шексіз алғысын білдірді.

Фото

6943

Фото

6944

Фото

6945

Фото

6946

Фото

6947

Фото

6948

Фото

6949

Фото

6950

Фото

6951

Фото

6952