6913Жуырда Достық үйінде "ашық есік күні" өтті. Іс-шараға қаламыздың колледждері мен мектептерінен 200-ге жуық студенттері мен оқушылары қатысты. Бұл ауқымды іс-шара Достық үйінің өмірі және шығармашылығымен таныстыруға, облысымызда тұратын әртүрлі ұлттардың мәдениеті туралы білім алу, сондай-ақ жинақталған тәжірибімен бөлісу мақсатымен ұйымдастырылды. Ашық есік күнінің бағдарламасы мазмұнды болды. Онда дөңгелек үстелдер, матер-класстар, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің кабинеттеріне экскурсиялар өткізілді. Қонақтардың барлығын Достық үйінің мамандары, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің мұғалімдері қуанышпен қарсы алды.

Өз сөзінде  Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жетпісбаев С.Қ. Достық үйінің қызметінің принциптерімен және этномәдени орталықтарының өкілдерімен таныстырып, сондай-ақ бірлестіктердің жетістіктері туралы айтты. Жиынның ресми бөлігі аяқталған соң іс-шараның барлық қатысушылары топтарға бөлініп, Достық үйінің этномәдени орталықтарының барлық оқу сыныптарына экскурсия жасады.

Әр орталық жиналған қауымға өз мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы мәлімет беріп, сонымен қатар, халық аспаптарында ойнаудың кейбір элементтерімен таныстырды.

Іс-шара соңында Достық үйінің хореографиялық ұжымдары қатысушыларға мастер-класстар өткізді. Облыстық ҚХА жанындағы Жастар ұйымдарының үйлестіру кеңесі дөңгелек үстел өткізді. Отырыс барысында жастар ұйымдарының мақсаттары мен міндеттері туралы сөз болды. Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Фото

6913

Фото

6914

Фото

6915

Фото

6916

Фото

6917

Фото

6918

Фото

6919

Фото

6920

Фото

6921

Фото

6922

 

Фото

6923

Фото

6924