6748Өткен демалыс күні облыстық кәріс этномәдени бірлестігінің белсенді қатысушылары, олардың көптеген достары және қала тұрғындары қонақжай Достық үйінде кәріс халқының астық жинау науқанының аяқталуын білдіретін «Чусок» мерекесін атап өтуге жиналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша Кореяда аталмыш мереке 5 күн тойланады екен. «Чху» корей тілінен аударғанда – күзді,  «сок» – кешті білдіреді. Осы мерекеге дейін еңбек сүйгіш адамдармен өсірілген табиғат сыйы әбден пісіп жетіледі. Егер күріш, жидектер мен жемістердің өнімі мол болса, бұл игілік пен береке науқаны үлкен думанға ұласады. 

Қазіргі таңда чусок Кореяда, сол секілді ТМД елдеріндегі көптеген мерекелері сияқты өзгерістерге ұшырап, қазіргі заман талабына сай өтеді. Көптеген салттар мен дәстүрлер сақталмайды. Бірақ ұйымдастырушылар думан барысында, барлық қонақтарға арнап, ежелгі кәріс елінің бір бейнесін көрсетті, жиналған қауымды, тым болмаса бір сәтке, сол кезеңге саяхат жасатты, рухын сезіндірді. 

Іс-шараның жүргізушілерінің айтуынша, үй иелері мереке қарсаңында үйінің қабырғаларына, келер жылы астық жақсы өнім берсін деген ниетпен астықтан бау байлап іліп қояды екен. Мереке аяқталса да, осы «әшекейлер» шешілмейді – бұл бабаларға арналған сый болып саналады. 

Ай толып, өзінің жарқыраған таңғажайып жарығын төккен кезде, дәстүр бойынша ежелгі Кәріс елінде оған ғибадат етіп, тәтті тағамдарды: чимпень, чальток, сонпхён, күріш шарабын және басқа тағамдарды тарту салтын орындайды. 

Сондай-ақ, чусок мерекесі кезінде ата-бабалардың моласына бару салты сақталған. Оны «сонмё» деп атайды. Бейіт басы жинақталып, жаз бойы өскен арамшөптер шабылады. Бұл ата-бабаға деген сый-құрметтің көрінісі. Өз кезегінде, бұл әр беделді адамның міндетті парызы болып саналады. 

Чусок мерекесі күні таңертен әр шаңырақта дастархан басында ата-бабалар рухына құрбандық шалу  - «чарэ» рәсімі өткізіледі. Осындай рәсім жылына екі рет өткізіледі: Соллаль – ай күнтібесі бойынша Жаңа жыл мерекесі және Чусок мерекесі кезінде. Осы күні таңертеңнен бастап жаңа астықтан алынған күріш өнімдері, міндетті түрде күріш арағы – соджа,  тәтті құрма, күнжіт немесе ұсақталған бадана жағылған «сонпхён» күріш наны тағамдардан салттық дастархан жайылады. 

Іс-шара барысында, дәстүр бойынша қыздар барлық қонақтарға мерекеге арнайы дайындалған, күріштен жасалатын «чимпень» дәстүрлі корей жұқа нанынан дәм таттырады. Этномәдени бірлестіктің хореографиялық және вокалдық ансамблдерінің орындауларында ұлттық билер мен әндер орындалды. Қысқасы, ұйымдастырушылар мерекенің нағыз бейнесін көрсете алды. Бір жерде балуандар сыйлыққа өгіз аламын деп жеңіс үшін бір-бірімен «ссирым» деп аталатын күреске қатысып жатты, бір жерде балалар аспанға батпырауық ұшырса, ендігі жерде ақсақалдар мен ер адамдар «өмір туралы» әңгімелерін айтты, ал бір жерде бойжеткендер «нольтвигте» «кім биігірек?!» - деп секіріп кәріс әйелдерінің ұлттық ойынын ойнап жатты.

Досым Ахметов

Фото

6749

Фото

6750

Фото

6751

Фото

6752

Фото

6753

Фото

6754

Фото

6755

Фото

6756

Фото

6757

Фото

6758

Фото

6748