6742Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан халқының этномәдени дәстүрлері тұрғысынан отбасылық құндылықтарды нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға облыстық ҚХА мен аналар кеңесінің мүшелері, жастар бірлестіктерінің белсенділері, судьялар мен медиаторлар қатысты. 

Жиын барысында өз ойын ортаға салғандардың қатарында облыстық ҚХА жанындғы Аналар кеңесінің және облыстық «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Максилова Б.Ш. болды. Өз сөзінде ол облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің өмірі мен атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады. Сонымен қатар жуырда Ақтөбе қаласында өткен  бірегей  іс-шара – «Анаға тағзым» атты аналардың 1-ші слетінен алған тәжірибесімен және әсерімен бөлісті. Екі күн бойы жалғасқан слетке 1 200 делегет қатысты. Еліміздің танымал тұлғалары жастарға рухани тәрбие берудің мәселелерін талқыға салды, мастер-класстар өткізді. Сонымен қатар қатысушылар жанұя институтын дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастардың бойында рухани құндылықтардың дамуына бағытталған барлық жұмыстар төңірегінде түштерін біріктіруге дайын екендіктерін айтты. Слет барысында қатысушы аналардың Үндеуі қабылданған болатын. Осы үндеуді дөңгелек үстел қатысушылары да қарастырып, бірауыздан қолдайтындарын айтты. 

Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген әйелдер ұйымдары бар. Әрбіреуінің өз мақсат-міндеттері бар: гендерлік бағыт, кәсіпкерлікті дамыту, ерекше балалармен жұмыс т.б. Осы орайда ҚХА жанында құрылған Аналар кеңесінің басты міндеті – отбасылық құндылықтарды насихаттау және сақтау болып табылады, деп атап өтті Николашина О.Л., облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, «Қоғамдық келісім» КММ медиация орталығының басшысы. Жастардың тәрбиесі, олардың жанұялық өмірге дайындығы әрқашан Аналар кеңесінің назарында болуы тиіс деді ол.

Сонымен қатар жиын барысында «Женщины – за будущее нации» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бороздина Ж.Ю. «Әйелдерге тұрмыстық зорлық көрсету» тақырыбан қозғаса, кәмелетке толмаған жастардың істері бойында арнайы ауданаралық сотының төрайымы Темірова Қ.А. отбасылық құндылықтардың жоғалуы ерте ажырасуларға әсері жөнінде баяндап берді.

Фото

6743

Фото

6744

Фото

6745

Фото

6746

Фото

6747

Фото

6742