- Толығырақ
-
Жарияланды 17 Қыркүйек 2018
Павлодардағы Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты іс-шара өтті. Жаз бойы демалып күш жинаған балалар Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің алаңында жиналды.
Барлық оқушылар сыныптастарымен және мектеп бөлімшелерінің мұғалімдерімен кездесіп қуаныштарын жасырмады. Мемлекеттік Әнұран орындалды. Мектеп директоры Е.Айтқұлов Білім күніне орай жиналған барлық оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жақсы оқуларын тіледі. Өз сөзінде «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Максилова мектеп оқушыларының қала және облыс деңгейіндегі көптеген іс-шараларға белсенді қатысуына жоғары баға берді. Сонымен қатар, ол ұлттық жаңғыру мектебін тәмамдап, жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін қайта туған мектебіне мұғалім ретінде келген оқушыларға ерекше алғысын білдірді. Олардың қатарында мекептептің 2006-шы жылғы түлегі, ал қазіргі таңда татар-башқұрт бөлімінің мұғалімі М.Иванованы атап өтті.
Алаңда өткен салтанатты іс-шарадан кейін бектептегі бөлімшелерде оқытушылар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары балаларға «Мен елімнің патриотымын» тақытыбында сынып сағатын өткізді. Ал ата-аналардың көмегімен әр сыныпта балалар мен мұғалімдерге арналған мерекелік дастархан жайылды.
Бұл күнді барлық қатысушылар өте көңілді өткізді. Осы орайда, жыл бойы Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде өткен әр күн оқушылар мен мұғалімдерге шаттық пен қуаныш сыйласын деген тілегіміз бар.
Барлық оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото