6681Дәстүрлі «Бір шаңырақ астында» атты жазғы этникалық мәдениеттер фестивалі аяқталды. Қала күніне орайластырылған бұл ауқымды шараның жабылу салтанатты қалалық мәдени-демалыс саябағында өтті.

Үш айдың ішінде облыстық этномәдени бірлестіктері жамағатты өздерінің мәдениетімен таныстырды. Концерттерінде олар салт-дәстүрлері, тілі, ойындары, ас мәдениеті жөнінде айтты.  Фестиваль аясында Қымызмұрындық, Сабантой, Қауын мейрамы секілді көптеген өздерінің ұлттық мерекелерін де көпшілікпен өткізіп үлгерді.

Қазақстан халқы ассамблеясының Павлодар облысы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Сейсембай Жетпісбаев этномәдени бірлестіктер белсенділігінің өсуіне, павлодарлықтардың фестиваль жұмысына қызығушылығының артуына назар аударды. Болашақта осындай ірі шараларға тегіс бірлестіктердің қатысуына сенімін білдірді. «Баршаңызды бүгінгі мереке күнімен, фестиваліміздің аяқталуы күнімн құттықтаймын. Жазғы фестивалімізді өткізу жалғаса берсін, біздің шығармашылық ұжмдарымыздың өнері дами берсін, Қазақстанымыз гүлдене берсін, ал достығымыз бен бірлігіміз жасай берсін»,- деді ол.

Биыл фестивалдің жұмысына үлес қосқаны үшін барлық этномәдени бірлестіктерінің төрағаларына алғыс хаттары бағалы сыйлықтар табысталды.

Фото

6682

Фото

6683

Фото

6684

Фото

6685

Фото

6686

Фото

6687

Фото

6688

Фото

6689

Фото

6690

Фото

6691

Фото

6692

Фото

6693

Фото

6694

Фото

6695

Фото

6696

Фото

6697

Фото

6698

Фото

6699

Фото

6700

Фото

6681