6655Жуырда Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің акт залында «Бір отбасында тұрамыз атты» жазғы фестивалі аясында фин-угор халықтырының мәдениеті күні өтті. Мерекеге қала тұрғындары мен қонақтары, облыстық ҚХА мүшелері және этномәдени бірлестіктің барлық достары жиналды.

Көптеген жылдар аралығында аталмыш фестиваль өз қонақтарын көпұлтты елімізде тұрып жатқан халықтырдың мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстырып келеді. Биылғы жылы фестиваль Астананың 20-жылдығы мен Павлодар облысының 80-жылдығына арналды. Ғасырлар бойы тарихтың тереңінен нәр алған фин-угор халықтарының мәдениеті алуан түрлі және бай болып келеді. Оны мерекеге қатысқан шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар толық дәлелдей алды, жиналған қауым назарына әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылды. 3 жыл бұрын құрылған облыстық финн-угор этномәдени бірлестігі облыстық ҚХА құрамныдағы ең жас бірлестік екендігін айта кеткен жөн.

Облыстық ҚХА төрағасының орынбасары С. Жетпісбаев өз сөзінде бірлестіктің құрылғанына бірнеше жыл ғана болса да, ол өңірге кеңінен танылып, оның құрамындағы әртістер мен шығармашылық ұжымдар халықтың көзайымына айналғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол фин-угор этностық топқа отызға тарта ұлт пен ұлыстың кіретінін айтты, ал Павлодар өңірінде бұл топтағы этностардың саны 9-жеткенін қуанышпен жеткізді, және де бұл бірлестікті «Ассамблея ішіндегі Ассамблея» іспеттес екендігін атап өтті.

Мерекелік бағдарламаға «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің шығармашылық ұмымдарымен қатар Успен, Тереңкөл аудандарынан келген өнерпаздар да атсалысты. «Самрұқ», «Лейся песня», «Туған жер» ансамбілдері   әсерлі әндер мен мың бұралған билерімен халықты тамсандырды. Ұйымдастырушылар жиналған қауымды ұлттық тағамдармен дәм татырды.

Облыстық ҚХА-ның дамуына қосқан үлесі үшін және фин-угор этномәдени бірлестігінің 3-жылдығына орай Успен ауданындағы Лозовое ауылындағы удмурт филиалының жетекшісі Б.Максимова, «Самрұқ» хореографиялық ұжымының жетекшісі С.Зубкова, «Туған жер» вокалдық ұжымның жетекшісі О.Ивашкина, Тереңкөл ауданындағы мордва филиалның төрайымы М.Бакина, сонымен қатар, бірлестіктің көптеген белсенділері алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фото

6656

Фото

6657

Фото

6658

Фото

6659

Фото

6660

Фото

6661

Фото

6655