6638Ақтоғай өлкесінде көптеген қасиетті жерлер бар. Бұл, ең алдымен, Естай Беркімбаев пен Бекбау-Ата Жәнібекұлының мазарлары. 

Биыл ақын Естай Беркінбаевтың 150 жылдық тойы. Соңдықтан біз қасиетті Естай ауылына бет бұрдық. 

 Осы кезден бастап Естай ел аралап, ән салып, арқаға белгілі бола бастаған. 

Естай Көкшетауда, Қараөткелде, Семейде, Павлодарда, Ертісті өрлеп Зайсан, Тарбағатайды аралап, Жамбылда болады. Ол 1939 жылғы маусымда 

"Жастықпен араладым талай жерді, 

Табиғат композитор өлең берді. 

Алпыс бесте сайрайын енді біраз, 

Мінекей, шаттық-шарық күнім туды". 

Естайдай ақын-композитордың туған ауылын біле тұра, өзге түгіл, оның өмір дерегін білетіндер де оның жерленген жерін "Естай" ауылы деп санамызға ұялатып барамыз. 

1993 жылы Ақтоғай ауданында сол кездегі әкімі Әбілқақ Балғабайұлы Түгелбаевтың қолдауымен аудан тұрғындарының тілегіне орай Естай зиратына кесене салынды. Сол жылы облыс орталығындағы Бебель атындағы көше өзгертіліп, Естай көшесі атанды. Ақтоғай ауданы орталығындағы бір көшеге де Естай есімі берілді. 

Тағы бір, тарихи ескерткіш – бұл Төре түбегі. Бұл жер XVIII ғасырдың көрнекті тұлғасы – Сұлтанбет сұлтанмен байланысты. 

Сұлтанбет – Орта жүздің сұлтаны, қазақ xандығының мемлекет қайраткері, Жошы xанның ұрпағы. Ұлы xан Абылайдың немере ағасы. Ол жоңғарлар тұтқынынан Абылай xанды құтқарып алу шайқасын басқарып, ақыр соңында оны жау қолынан азат етеді. Бұдан әрі де жоңғарлармен болған соғыс қимылдарына қатысады. Сұлтанбет сұлтанның көптеген ұрпақтары, ішінде: Орыс, Иман, Тортан, Үкібай, Ботай, Ботагөз, Матай, Шаншар, Құлтай, Құлшық, Қараш тағы басқа да балалары Орта жүз ру-ұлыстарының беделді басқарушы сұлтандары болған. Орыс патшалығы мен қазақ мемлекеті арасындағы дипломатиялық байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарған. Абылайxан мен Сұлтанбеттің тапсырмалары бойынша II Екатерина сарайына дипломатиялық өкілдікті талай мәрте басқарып барады. Осындай мемлекетаралық ынтымақты келіссөзді Қытай Бодыxанымен де әлденше рет жүргізген.  

Ертіс жағалауының өзіне бағынышты қазақтарын басқара жүріп Сұлтанбет Орта Азия xандығының ірі саудагерлеріне де ықпалы болған. Сұлтанбет сұлтан әуелден-ақ Ресей үкіметі алдында қадір-қасиетке ие болған. 1778 жылы Сұлтанбет сұлтанды Ертіс аймағының аса беделді де, ықпалды сұлтаны ретінде танып, мойындағандықтан, Ресей билігі Коряков Форпосты қарсысынан 7 шақырымдай жерден Ертіс өзенінің сол жағалауынан оған зәулім қарағай бөренеден қиюластыра жертөлесі, басқа да құрылыстары қарастырылған, шатыры қаңылтырмен қапталып, сырланған xан сарайына ұқсаған үй салғызады. Сұлтанбеттің Иман есімді баласы Күрлеуіт-Қыпшақ болысына сұлтан болады. Иман қайтыс болған соң, бұл болысқа баласы - Жантемір сұлтан билік жасаған. 

Бүгінде Күрлеуіт руы (Қыпшақтар тармағы) ұрпақтары ата-бабалары іздері табы қалған Қожамжар ауылын ардақ тұтып, қасиетке дарыған мекен ретінде аялаған. Жантемір сұлтан мәйіті әкесі Иман Сұлтанбетұлының жанына, Ақтоғай ауданының Әбжан ауылы тұсына, Кенжебай руы зиратында жерленген. 

Сұлтандардың ұрпақтары Ұлытауға, бабасы Жошы xанның кесенесіне барып, ұлы аталарының аруағына арнап құрбандық шалып, дұға оқып, түнеп, тәу еткен болатын. Сол жолы ұлы аталарынан рұқсат алғандай, ырымдап, соңынан ерген ұрпақтары бар екенін білдіре отыра, кесенесінің маңынан үш тонналық алып тас әкеліп Ақтоғай өңірі Ертіс өзені маңында жерленген сұлтан аталарына мәңгілік ескерткіш ретінде үстіне күмбез көтеріп Кенжебай зиратында орнатты.

Ақтоғайдың барлық қасиетті орындарында біз дұға оқып қайттық. Аудан тұрғындарының қонақжайлығы, туған жеріне, ұлы ата-бабаларының мазарларына деген үлкен сүйіспеншілігі, сондай-ақ талантты, дарынды домбырашылардың, ақындардың көптігі ерекше әсер қалдырды.

Фото

6639

Фото

6640

Фото

6641

Фото

6642

Фото

6643

Фото

6644

Фото

6638