6631Ақсу жері сан-қилы құпия - жұмбақтар сақтаған мекен, ғасырлар бойы көптеген тарих-аңыздар қалыптасқан.

 

Ең белгілі сакралды орындардың бірі, Ақсу қаласы маңында орналасқан  №6 ауыл орталығындағы мұсылман зираты. Бұл аумақта құлпытас орнатылған, бірнеше ескі зираттар бар. Олардың бірін халық аса құрметтейді, себебі дәл осы жерде ХХ ғ. өмір сүрген Мерғалым қажының жатқан орны. Осы жердегі адамдардың ішінен, Меккеге алғаш қажылыққа аттанғандардың бірі.

 

Таста: Хижри 1332. 22 раджап (5 мамыр, 1914 ж.) Бейімбет руы Құттымбайұлы Мерғалым Жанболатұлы пәниден сапар шекті.

 

Қызылжар ауылдық округінің Сарышығанақ ауылынан 30 шақырым жерде  Тастеке ата жерленген. Көптен тұрып жатқан адамдардың айтуынша мұнда белгісіз, жұмбақ құбылыстар болып жатады. Мәселен, автокөлік табан астынан, еш себепсіз тоқтап, сағат тілдері соқпай қалады.

 

2014 жылы әулиенің қабірі қоршауға алынып, ескерткіш тас орнатылды. Бұл жұмыстарды депортацияға ұшыраған  және одан кейін осы мекенде өмір сүрген неміс ұлтынан шыққан адам жасаған екен. Ол және өзге адамдар Тастеке атаны төрт-түлік малды ұстауға қолайлы жағдай жасаған, құрғақшылықтан, басқа да табиғат апаттарынан сақтаған, осы мекеннің қорғаушысы деп санады.     

 

Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың өмір сүрген, табанның ізі қалған қасиетті орындары Арқа өңірінде көп болуы біз үшін аса бір ғанибет. XIX ғ. бірінші жартысында Бауыртас деп аталатын жерде ірі саяси қайраткер Қазаңғап Сатыбалдыұлы 1771 жылы туып 1856 жылы қайтыс болды.

 

Ертістің сол жағасында қазіргі Жолқұдық (бұрын Қанаш Камзин) ауылына қарасты атақты Бөрі қорымында бейіті жатыр.

 

Ақсу өзеннің бірнеше ішкі саласы, қалың тоғай, белуардан келетін шалғын шөп, өзеннің айрықтары мен аралдары қысты күні мал баққан ел үшін бір жағы пана, бір жағы азық болған. Ең бастысы Ертістің осы қасиетің жергілікті ел болмаса өзге жұрт біле қоймайды. XVIII ғасырдың жауыңгершілік заманында Ертістің ең тоғайға тұтас рулар мен ірі аталар тығылып жан сақтап отырған. Қазаңғап Сатыбалдыұлы осы ортада өмірге келді. Ол басентин руының ішінде бөрі деген рудан болады. Қазаңғап Сатыбалдыұлы аса бір күрделі заманда өмір сүрді. Ол кезеңде Қазақ хандығы өзінің бір тұтастығынан айырылған, бірақ әлі де толық бодандыққа көшпеген уақыты. Сол себепті, елдің ішінде ірі тайпалар мен ұлыстарға әкімдік жасайтын тұлғалар көп болды. Олар Қазаңғаптың замандастары Шоң Едігеұлы, Шорман Күшікұлы, Құнанбай Өскенбайұлы және т.б. Бұл кезеңде Ресей империясы Ертіс бойындағы шүйгін алқаптарға қызығып, өз қолына қарата бастаған кезі. Қазаңғап сияқты тұлғалар осы күресте қашан да ел жағында болып, өз қандастарының туып-өскен жерінен құр қалмауы үшін күресті. Кенесары хан көтерілісінің екпіні мен ызғары көптеген ауыр заманда Ресей қазақ жерінде Қазаңғап сияқты ел ішінде таңымал, белгілі дәрежеде бейтарап, шекаралық саудаға тікелей кіріскен сенімді де, салмақты адамдарды қолдауға бар күшін салғаны аңық. Қазаңғап өтпелі кезеңнің бір ғажап құбылысы. 

Осындай ірі тұлғаның аты елге беймәлім болмауы үшін біздің өлкеміздің Қуат Есімханов, Оралбек Қожанов, Әбілхақ Түгелбаев сияқты азаматтардың қолдауымен, Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 2018 жылы ғылыми конференция ұйымдастырып, Қазаңғаптың басын көтерген.

Фото

6632

Фото

6633

Фото

6634

Фото

6635

Фото

6636

 

Фото

6631