6624Экспедиция тобы Май ауданың киелі орындарының бірі Кемертұз көлінің маңына бет алды.

IX-XIII ғ. қыпшақ-қимақтар қоныстанған. Оған заттай деректер дәлел./ тасқа қашалған суреттер/

Қимақтар темір қорытудан нағыз мамандары садақтың жебесін жасаудың хас шеберлері болған. Оған дәлел – олардың зираттарынан түрлі жебелердің табылуы.

Көне заманнан сұлулығы және табиғат байлығымен еліктіретін Қызылтау таулары. 1756 жылы осы таулар маңында қазақтар мен қалмақтардың (жоңғарлардың) қаптаған әскері арасында қатыгез шайқас орын алды. Осы шайқаста қазақстардың жеңіске жетуі құрметіне Қалмаққырылған (қалмақтарды жаппай көзін жойған орны) деген атау алды. Мұндай тарихи оқиғаның құрметіне тау етегінде ескерткіш орнатылды.

Айтқандай, жоңғарларға қарсы айқастарда қазақтың Олжабай, Баян, Малайсары  батырлар ерекше рөл атқарды. Ақсақалдар аузынан олар туралы небір аңыз әңгімелер естуге болады. Малайсары батыр мен оның қарындасы, атақты жауынгер әйел  Қабанбай батырдың жары Гауһар туралы естігеніміз аз емес. Олардың шежіресі: Арғын – Бәсентеин – Сырым – Жабық Досым – Тоқтауыл. Малайсары батырдың әкесі алпауыт күш иесі, бәстесу үстінде түйе көтерер адам болған. Анасы қалмақ ұлтынан шыққан. Оның қазақ-жоңғар соғысының  аяқталуына бар күшін салып, екі халықтың бітімге келуді шақырғаны осыдан да шығар. Батырдың кіндік қаны тамған  жері, қазіргі Май ауданында тұрған елді мекенге оның есімі берілді.

         Қызыл-Еңбек ауылы жанында орналасқан, Ертіс маңы даласының сырлы да құпияға толы орындарының бірі – Қалбасұн мұнарасы. Бірнеше ғасырлар бойы саяхатшылар мен зерттеушілер оны мешіт, қалмық шіркеуі, көне қамал ретінде де, тіпті қимақ қаласы деп санаған болатын. Алайда қазіргі уақыттағы археологиялық қазбалар барысында, шын мәнінде Ертістің сол жақ жағасындағы бұл көне үйінділер б.з XIV-XV ғғ. жататын, Жошы Ұлысы кезеңінің кесене қалдықтары екені анықталды. Қалбасұн мұнарасы Ақ Орда дәуіріндегі қазақ даласында мұсылман дәстүрлерін тарату белгісі болып табылады.

Көктөбе-Бозша жолынан солтүстік-шығысына қарай 3 шақырым жерде ескі қазақ зиратында құлпытасты, және жақын маңдағы оңтүстік-шығысқа қарай 8,5 метр жерде орналасқан сырцевая саган үйіндісі көзімізге ілінді. Мемориалды ескерткіш Батыс Қазақстан облысынан әкелінген, нағыз сол жердің табиғатына тән материал – ақ тастан, шамасы 1875 жылы жасалған. Ескерткіш негізінің солтүстік-шығыс жақ қырында арғын руының таңбасы қойылған. Құлпытастың жалпы биіктігі 217 см құрайды. Әр 4 бұрышы эпиграфтық әрлеудің оюлық композициясымен көмкерілген. Бұрыштарының негізгі жерінде араб мәтіндері тігінен, ал солтүстік-шығыс бұрышында көлденеңінен жазылған.

Өмірде сәуегей-әулие адамдар болған Қайса ата мен Ақбалық Хазретті халық ерекше құрмет тұтады.

Қайса Нұрғазыұлы 1888 жылы Май ауданында дүниеге келген. Ататегі – Найман-Жаәуетей. Оның арғы атасы - Елқонды көріпкел, әлие болған. Қайса атаның көріпкелдік қабілеттері 49 жасына қарай байқала бастады. Ерекше шипагерлік, болашақты көру қабілеттері туралы әңгіме ауданнан арғы жерлерге жылдам тарап кеткен. Оған түрлі қиыншылықтары туындаған адамдар келетін. Малы жоғалған, белсіздік, түңілу, қайғыға ұшыраған адамдар көмегіне жүгінген. Қайса ата өзінің қасиетін әрдайым халықтың игілігіне жұмсады. Алыстан шаршап-шалдыққан жолаушы келе жатқанын алдын ала білетін, тіпті үйдегілерге дастархан жаюды немесе жолауышының шөлін қандыру үшін ұлын салқын сумен қоса қарсы алуға тапсырма беретін. Әлі күнге дейін ол туралы ел аузынан көптеген әңгімелерді естуге болады. 2013 жылы Ақшиман ауылында  Қайса Нұрғазыұлының 125-жылдығына орай бейіт басында кесене салынды. Жалпы ауданы 25 шаршы метрды құрайтын кесене, сары кірпіш пен қордай гранит тасынан салынған. Кесене ішінде мәрмәр тас орнатылған.

Ақбалық Хазрет өз заманында, Май ауданында мешіт-медресе тұрғызған. 44-ке келген шағында оны әулие деп мойындаған. Қазіргі уақытта жерленген жеріне кесененің басын көтеру жоспарланған.

Май ауданының бұл және өзге де сакралды ескерткшітер ұлттық мақтаныштың объектілері болып табылады.

Баянауыл және Май ауданының мыңдаған шақырым жерін жүріп өтіп, алған әсерімізді қорытып, жолдан демалып, үйлесімге келу үшін азғантай үзіліс жасадық.  

Фото

6625

Фото

6626

Фото

6627

Фото

6628

Фото

6629

Фото

6630

Фото

6624