590814 наурыз күні Павлодар облыстық «Нұр- Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің «Ару Ана» ансамбілінің 20 жылдығы мен ағарту ісінің үздігі, облыс алдындағы ерен еңбегі үшін төс белгісінің иесі, Павлодар облысының құрметті азаматшасы, ҚР «Парасат» орденінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Бірлік» алтын медалінің иегері Зара Қабдышқызы Қожахметованы еске алуға арналған «Аналар таусылмас жыр...» атты кеші өтті. 

Сонау 1991 жылдары Зара Қожахметқызы бастау берген «Нұр –Ана әлемі» қазақ жастарының бойына ұлттық салт –дәстүр, тәлім –тәрбиені сіңіріп, бай дәстүрімізді бағалатуда.Ұстазының ісін жалғап келе жатқан Бақыт Шаханқызы, асыл әжелеріміз бен аяулы аналарымыздың ибалы да иманды, өнегелі, көрегенді, сыпайы да салмақты нағыз қазақ жастарын тәрбиелеу жолында атқарып жатқан істері ұшан –теңіз. Мәңгілік елдің болашағы, өшпес мұраты – төрде отырған асыл әжелер. 

1998 жылы Зара Қабдешқызының тілегімен, көпшіліктің қолдауымен қоғамдағы аналардан «Ару-Ана» ансамбілі құрылды. Бүгіндері Аналардың шырқаған әндері шартарапқа жетіп, аналық мейірім, ұлттық сезім нұрын шашып тұр. Ансамбльдің репертуары жыл өткен сайын жаңарып, жанданып келеді. 

Мерейтой иелері, «Ару ана» ансамбілінің орындауында «Ару ана» әнімен кешті ашты.  Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасының орынбасары Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы барлықтарын мерейтоймен құттықтап «Ару Ана» ансамбілі апаларын марапаттау рәсімін бастады.Дипломдарымен Абкей Сураган, Баяхметова Раушан Садыковна, Макина Шолпан Искаковна, Мажикова Шолпан Есімқызы, Жаксыбаева Кайырлы Сагындыккызы, Уакпаева Куралай Мукашаевна марапатталынды. 

Осы кешке арнайы, Зара Қабдешқызының батасын алған, «Ару Ана» ансамбілінің өнердегі жолын жалғасытырып отырған қалалық, аудандық ансамбльдер құттықтап, өз өнерлерімен келді. Сондай өнер топтың бірі  Қ.Дәржүман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің орекстрі мен Аққу ауданынан «Лебяжі вальсі». 

Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің 25 жылдығына «Алтын есімдер кітабы» жарыққа шығып, оған елеулі еңбектерімен танылған құрметті жандардың, бірлестік мүшелерінің есімдері енгізілген болатын. 

Есімдері «Алтын есімдері кітабына» енген апалары: Абдрахманова Ғайша Нүркелдіқызы, Тулеубаева Гульнара Сулейменқызы, Ильялова Куралай Букейкызы, Билялова Сәуле  Қажмұқанқызы. «Нұр-Ана әлемі төрайымы Б.Ш.Максилова марапаттау рәсімін өткізіп,  барлық сахна төрінде отырған апаларға орамал таратты. 

Ансамбль ең алғаш құрылған күннен көркемдік жетекшісі болып сазгер Назымбек Дүкенбай өнер бағытында көп іс тындырды. Сұлулық, ұлттық музыканы дәріптеу, насихаттауда ансамбль мүшелерімен талай белестерді бағындырды. Кейннен сазгер Қайырбек Сатиев, ал бүгіндері Асылбек Әбдікәрімов жетекшілік етуде. Өз құттықтау сөзімен сазгер Назымбек Дүкенбай шықты. Ол З.Қабдешқызы туралы жылы сөздерді айтып, ән шырқады. 

Зара Қабдешқызы – жүрегі халқым деп соққан ардақты жан, елеулі еңбегімен халқының алғысына бөленген ел мақтанышы, қоғамда – достық пен туыстықтың туын тіккен аяулы жан, жастарға зайырлы білім берген озық ойлы ұстаз, өмір бесігін тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлаған әйел, есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік- Ел анасы болды. 

Бүгінгі күні оның ғибратты ғұмыр, өнегелі қызмет жолы жас ұрпаққа үлгі. 

 Өзінен кейінгі ұрпаққа өлмес өнегесі, өшпес үлгісі бар Абыз апа бола білді. Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы, сөйлегенде су төгілмес шешен, үлгілі ұстаз, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, тіл мен діл, мәдениет пен әдебиеттің жанашыры, қоғамда өзіндік өнегелі ізі бар Зара Қабдешқызын ел жұртшылығы мақтанышпен қастерлеп, атқарған асыл істерін жоғары ұстап, кейінгі ұрпаққа жеткізе бермектегі бүгінгі күннің біз түйсінген бір ақиқаты. Ол татулықтың тал бесігінде ұлттар достастығын тербеп, халықтар мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосты. 

Иә, «Ару Ана» ансамбілі құрылғаннанбері, аттай жиырма жыл арта қалды. Осы уақыт аралығында көп нәрсе өзгерді. Қаншама апа-әжелеріміз дүниеден өтті, ансамбль құрамы ауысты. Марқұм аналарымыздың есімдерін атап өткенді жөн көрді. Олар:Қожахметова Зара Қабдышқызы, Құрманова Күләш апай, Мұхарова Дәметкен апай, Нұрымова Мәйкеш апай, Смағұлова Алма апай, Балтабаева Раушан апай, Габдуллина Майра апай, Даутекова Бақыт апай.Келместің кемесіне мініп, мәңгілік сапар шеккен апамызға, ұстазымызға топырағың торқа болсын демекпіз... 

«Ару Ана» - кейінгі буын үшін өмір әрі өнер мектебі. Өмір көрген, ақыл түйген буын ретінде кейінгі буынға өмірдің қыр-сырын айтып, салт –дәстүрімізді үйретуде апалардың орны ерекше. Ән шырқап қана қоймай, жас ұрпаққа мәдениетімізді таныстыруды өздеріне жазылмаған міндет санайды. «Ару Ана» ансамбілі жерлес ақындарымыздың өлеңдерін әнге қосып шырқап, өз репертуарларын жасақтап жүр. Ән халықтың жаны болса, жыр оның жүрегі. Сондай әндердің бірі – Халық әні «Ой сәулем». «Ару Ана» ансамбілі «Туған ел», «Ару ана»,  «Кереку вальсі», «Немереме», «Елімнің ақ ордасы» әндерін шырқап, би биледі. Қашыр ауданынан келген «Ақбаян» халықтық вокалдық тобы, Екібастұз қаласынан келген қалалық вокалдық тобы, Шарбақты ауданынан келген «Ақтамақ» тобы өздерінің жарқын номерларымен шығып, өнерлерін көрсетті.

Диана Нұрсарина

Фото

5909

Фото

5910

Фото

5911

Фото

5912

Фото

5913

Фото

5914

Фото

5915

Фото

5916

Фото

5917

Фото

5918

Фото

5919

Фото

5920

Фото

5910

Фото

5921