590013 наурыз күні «Қоғамдық келісім» КММ-нің акт залында «Қазақша сөйлеу онай!» тіл жобасының шеңберіңде «Мемлекеттік тілім- қуатым» атты байқауы өтті. Осы жобасы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Ұлы Даланың - Мэңгілік тілі» жобасын жүзеге асыру шеңберінде эзірленді. «Қазақша сөйлеу оңай!» тіл жобасы - жастарды ұлттық рухани құндылыққа (мэдениет, салт-дэстүр, эдет-ғұрып) зерделеу арқылы, мемлекеттік тілді қолдану жэне оны үйренуге кеңінен насихаттауға бағытталған. Жоба жастардың қоғам қызметіне қатысуына, мемлекеттік тілді меңгерудің қажетгі дағдыларын дамытуына жэне оны өмірде қолдануға ықпал ететін олардың позитивті дамуына кешендік көзқарасты қолдануды қолдайды. 

Жобаның негізгі орындаушылары: Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, облыстық ҚХА жастар бірлестігінің жастар үйлестіру кеңесі жэне «Серпін Іскерлері» қоғамдық бірлестігі. 

Жоба мемлекеттік тілді білмейтін өкіл мен «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алатын студенттен тұратын жұпқа бөлінген, 14-29 жас аралығындағы жастарға бағытталған. Жұптар екі жақты бірлесіп эрекет ету арқылы, ақпаратты алмасу ықыласына сәйкес құрылады. Мақсаты: қазақстандық біртектілікті қалыптастыру, мемлекеттік тілді үйрету арқылы қоғамдық келісімді жэне ұлттық бірлікті нығайту .Қазақстан халқының тілі мен салт-дэстүрін, мәдениетінің дамуын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің ролін нығайту; мемлекеттік тілді меңгеру арқылы жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру; мемлекетгік тілді үйренудің жаңа форматтарын іздеу жэне үйрету методикасының сапасын арттыру -  жобаның негізгі міндеттеріне жатады. 

Әділқазылар алқасының құрамына «Нұр- Ана әлемі» Б:Ш.Максилова, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы С.А.Айтенов, С.Торайғыров атындағы ПМУ қазақ филология кафедрасының профессоры Г.К.Кәрімжанова, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бас маманы Г.Нұрмағамбетова, жастар бастамалары орталығынан инспекторы Е.Амренов кірді. Олар барлық қатысушыларын бағалады. 

«Мемлекеттік тілім- қуатым!» байқауы 3 турдан құрылды: өзін-өзі таныстыру, викторина «Сұрақ- жауап» және шығармашылық өңері. Қатысушылар өте жақсы дайындықты көрсеткен болатын. 

Байқауы қорытындысы бойынша «Жасампаз» номинация бойынша Захаров А.и Тинотипов У., Суюнова К.и Рубцова К., Амантай А. И Мингалева К.. таңбаланған. 

Үшінші орынға және планшет сертификаттарымен Бакланова К.и Абсадыкова Ұ.,екінші орынға және телевизор сертификаттарымен Латыпова К.и Сәтім А. Ал бірінші орынды және бас жүлделерді- ноутбуктарды  Қырықбаева А.и Иванова М. алған болатын.

Диана Нұрсарина

Фото

5901

Фото

5902

Фото

5903

Фото

5904

Фото

5905

Фото

5906

Фото

5907

Фото

5900