5857Достық үйінің конференц-залында бітімгершілік шараларына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары болып Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен Павлодар облыстық соты атанды. Конференция модераторы «Қоғамдық келісім» КММ Медиация орталығының жетекшісі Николашина О.Л. болды.

«Медиация - Қазақстан қоғамының даму басымдығының ресурсы» ғылыми-практикалық конференциясында облыстық соты мен Павлодар облысының Қазақстан халық ассамблеясының бірінші бірлескен басылымын ұсына отырып, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев авторлық жұмыстар татуластыру рәсімдерінің институттарын жария етуге, сотқа дейінгі және соттағы дауларды шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Басылымға істердің барлық санаттары бойынша татуластыру рәсімдері туралы облыстық, аудандық (қалалық), мамандандырылған соттардың мақалалары кірді.

Қылмыстық және әкімшілік істері сұрақтары бойынша және азаматтық істер бойынша медиация мәселелері туралы судьялар Нұржан Әбдікәрімов, Айжан Әбенова, Жұлдыз Тілегенова, медиатор Ирина Седлецкая сөз сөйледі.

Ювеналдық соттың төрағасы Қаламқас Темірова, сот ардагері Марина Иванова мектеп медиациясын енгізу туралы мақалаларын таныстырды.  

Басылым судьялар, медиаторлар, студенттер, аспиранттар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен медиация саласында жұмыс істеп жүрген азаматтар үшін арналған.

Фото

5857