- Толығырақ
-
Жарияланды 14 Ақпан 2018
Павлодарда 18-ші мәрте жылсайынғы этникалық мәдениеттердің қалалық фестивалі өтті. Естай атындағы мәдениет сарайында «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткен дүбірлі іс-шараға 24 этномәдени бірлестіктің шығармашылық ұжымдары атсалысты. Фестиваль Астананың 20 жылдығы мен Павлодар облысының 80 жылдығына арналды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша фестивальдің мақсаты ең талантты қатысушыларды анықтау, шығармашылық ұжымдардың жетекшілерінің кәсіби деңгейін арттыру және тәжірибе алмасу болып табылады.
Іс-шара басталмас бұрын мәдениет сарайының холында үлкен көрме ұйымдастырылды. Мұнда көптеген этнос өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын, қолөнер бұйымдарын халықтың назарына ұсынды.
Павлодар қаласының үздік шығармашылық ұжымдары сахына төрінде өз өнерлерін паш етті. Жиналған жұртшылық ұжымдардың әндерін, билері мен аспаптық орындауларын – барлығын ду қол шапалақпен қарсы алды.
Бұл күні сахына төріне шығып, өнерлерін көрсеткен адамдардың саны 500-ден асты. Бұл өнерпаздардың бір бөлігі 1-ші наурыз күні өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының туған күніне арналған үлке гала-концертке қатысатын болады.
- Бұл фестивальге қатысқан ұжымдар тек ән айтып және би орындап қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрдің бір үзіндісімен, қолданбалы өнері және ұлттық тағам түрлерімен халықты таныстыру мүмкіндігіне ие болды. Бұның барлығы көпұлтты Қазақстандағы өмірді үйлесімді етеді, - деп бөлісті облыстық белорусс этномәдени бірлестігінің төрайымы Л.Богнат. – Бүгінгі таңда біздер мемлекет тарапынан, облыс басшысы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Болат Бақауов тарапынан үлкен қолдауды сезініп отырмыз. Біздерге көптеген бағыттар бойынша қолдау көрсетіліп келеді және осының бір ғана айғағы шығармашылық ұжымдардың су жаңа киімдері болып табылады.
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото