5778Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің конференц-залында «Мектеп – даусыз аймақ» аты мектептегі медиацияны дамытуға бағытталған семинарлар өткізілді. Семинар мектеп оқушыларына, ата-аналарға және мұғалімдерге арналды.

Екі күн бойы өткен семинардың бірінші кезеңіне оқушылар атсалысты. Бұл кездесуге оқушылармен қатар білім беру басқармасының мамандары атсалысты. Мектептегі медиацияны дамытуға бағытталған пилотты жоба Павлодар өңірінде екі ай бұрын іске асырыла бастаса да, жиынға қатысқан жастар медиация жөнінде жоғары білімін, оның басты принциптері мен мақсатын, тиімділігін ортаға салып, тренингтерде қарама-қайшылықтардан шығудың жолдарын мысалдар келтіре отыра анықтады. Семинар тек оқушыларға ғана емес, медиатрларға тиімді болды деп айтуға болады.

Семинардың екінші кезеңі ата-аналар мен мұғалімдерге арналды. «Мектеп – даусыз аймақ» пилотты жобаның принциптері, тиімділігі сараланды, жобаны болашақта іске асыру бойынша екі жақты іс-қимылдар талқыланды. Семинар соңында қатысушылар арасында сауалнама өткізілді.

Фото

5779

Фото

5780

Фото

5781

Фото

5782

Фото

5783

Фото

5784

Фото

5785

Фото

5786

Фото

5787

Фото

5788

Фото

5789

Фото

5778