573314 қаңтар күні «Қоғамдық келісім» КММ-ңің конференц залында  Павлодар өңірінің Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Украинаны азат ету үшін Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде шайқасқа қатысқандармен кездесу өтті. 

Осы іс-шарасына Павлодар облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Буксман Дмитрий Александрович Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасының орынбасары Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Жантурин Абылай Укешұлы, Павлодар облысының патриоттық тәрбие ассоциациясының төрағасы Олег Владимирович Николашин, Парипса Михаил Сергеевич – Т.Шевченко атындағы Украин мәдениетінің қауымдастығының төрағасы, Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жастар этномәдени бірлестіктерінің басшылары, колледждің кадеттері, № 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, украин этномәдени бірлестігінің белсенділері қатысты. 

«Бүгін шын мәнінде өте маңызды іс шара. Бізге тыныш өмір сыйлаған ата-бабаларымызбен, ардагерлермен кездесіп отырмыз. 2015 жылғы сәуір айында Украинаның Президенті Украинаны азат ету үшін шайқасқа қатысқан барлық адамдарға мерейтойлық медальдар беру туралы жарлық шығарды. 

Осы Жарлыққа сәйкес 52 павлодарлық осы медальдармен марапатталады. Олардың ішінде 18 адам аман қалды. Бүгінгі іс шараға соғыс ардагерлері және 2015-2017 жылдары қайтыс болған соғыс ардагерлерінің туыстары қатысуға келісті, - деді Т.Шевченко атындағы Украин мәдениетінің қауымдастығының төрағасы Парипса Михаил Сергеевич. 

1 және 2 Украин майданының қатарына қатысқан  Сұлтанбек Байзбаев, 1-ші Украин фронтының соғыс ардагері - Воловик Константин Филимонович, Днепрдің қиылысына қатысқан соғыс ардагері, Украинаны босату үшін шайқаста екі аяғы жараланған - Сембай Темешев мерейтойлық медальдарымен марапатталынды. 

Сондай-ақ, 2015-2017 жылдары қайтыс болған соғыс ардагерлерінің туыстарына мерейтойлық медальдары тапсырылды. Олардың қатарында Қызыл Жұлдыз орденінің иегері, 2-ші Украин майданыңда соғысқан, Киев қаласының босату үшін қатысқан Жұмабеков Қабиден Әкімбекұлының қызы Қ.Қ.Қабылкеновнаға; 2-ші Украин майданының қатысушысы, полк штабының машинисті Тамара Ивановна Киселеваның немересі А.А. Клементьевке,  2-ші Украин майданының полк штабының бастығы Иван Никитович Малашенконың туысы Л.А.Луцко; 1-ші Украин майданының атқышы Иван Дмитриевич Родионовтың ұлы А.И. Родионовқа  берілді. 

Іс-шараның соңында қогнақтар назарына С.Головчук, К.Кузьминская, А.Әбдікәрімов және Т.Шевченко атындағы Украин хорының орындауындағы соғыс жылдарындағы әндер ұсынылды.

Диана Нұрсарина

Фото

5734

Фото

5735

Фото

5736

Фото

5737

Фото

5738

Фото

5739

Фото

5740

Фото

5733