559220 жыл бұрын Славян мәдени орталығы «Вахта памяти» атты жобаны іске асыруды қолға алған болатын. Мінеки, көптеген жылдар аралығында бірлестік мүшелері сұрапыл 1941-1945 жылдардағы құжаттарды іздестіруге, тарихты сақтауға және ұрпақ арасында насихаттауға өздерінің үлестерін қосуда.

Жылдар өткен сайын Ұлы Отан соғысына қатысқан бабаларымыздың қатары сиреп келеді, әйтсе де, сол қиямет кезеңдегі аталарының тарихын көзінің қарашығындай есте сақтап, жаңғыртып жүрген жастар аз емес.

Жуырда «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің конференц-залында ерекше жиын өтті. Бұл іс-шара аталарымыздың батылдығы мен батырлығын, «Вахты памяти» жобасыны құндылықтарын бағалаудың тамаша мысалы болды.

«Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кузина Татьяна Ивановнаның айтуынша соғыс жылдары түрлі себептерге байланысты көптеген майдагерлер, өкінішке орай, өздеріне арналған марапаттардың бар екенін біле алмады. Ал бұған әсер еткен себептер аз болмады: соғыс уақыты, майданның бір шебінен екінші шебіне ауысу, госпитальдер, хабарсыз кеткендер және басқалары. Түрлі себептерге байланысты наградалардың өздері де жоғалды, бірақ мұрағаттарда басшылық бұйрықтары сақталды. Сол себепті қазіргі таңда майданға қатысқандардың ұрпақтары үшін осы наградалардың куәліктерінің көшірмелерін жасау мүмкіндігі туындап отыр.

Осы күні араға көп жыл салса да Ұлы Отан соғысының ардагері Бочин Захар Георгиевичтің ұлы Бочин Виктор Захаровичке 3-ші дәрежелі Даңқ ордені табыс етілді. Марапаттау рәсіміне Ресейдің Өскемендегі Генералды консулдығының атташесі Лапач Даниил Андреевич атсалысты. Марапат куәлігін тапсыра отыра ол Бочин Захар Георгиевичпен қатар оның ұлы Бочин Виктор Захаровичті де Ұлы Отан соғысының тарихын жас ұрпақ арасында насихаттап жүрген нағыз батыр деп атап өтті.

Өз сөзінде Бочин Виктор Захарович Лапач Даниил Андреевичке ризашылығын білдіріп, өз жанұясының тарихы және әкесіне табысталмаған марапаттың бар екендігінің қалайша білгендігі жөнінде іс-шара қонақтарына айтып берді.

«Соғыс басталмай жатқанда Ленинградтағы ауылшаруашылық институтын бітірген менің әкем Павлодар облысына көпіп келеді. 1943 жылы ол майданға аттанған кезде жанұямызда 3 бала болатын. Әкем соғыс соңына дейін шайқасты. Шайқастарда алған жарақаттары да болды. Соғыстан оралған соң оның тағыда 6 баласы дүниеге келеді. Павлодар өңірінде ол ауылшаруашылық саласында зоотехник болып жұмыс атқарады. 1979 жылы дүниеден озады. Әрине, бүгінгі күн біздің жанұямыз үшін, әсіресе әкемнің көптеген немерелері мен шөберелері үшін ерекше күн. Бірақ бүгін тек менің әкемді еске алғанды қаламаймын, бұл соғысқа қатысқандардың барлығы батыр, барлығының тарихын бағалап, ерекше ардақтауымыз керек, өйткені олар тек елімізде ғана амес, жүниежүзіндегі бейбітшілікті сақтап қалды», - деді Виктор Захарович. Сонымен қатар ол награданың бар екендігі «Подвиг народа» сайтында аяқ астынан анықталғандығын атап өтті. Бұл сайтта сұрау жасағанын, кейін оған жауап келгенін айтты.

Айтпаев Мақсат

Фото

5593

Фото

5594

Фото

5595

Фото

5596

Фото

5597

Фото

5598

Фото

5599

Фото

5592