5558Достық үйінің акт залында бірінші Адвент атты қызықты мерекелік бағдарлама өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы болып «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігі атанды. Неміс халқы үшін Рождество мерекесінің орны ерекше болып табылады, сондықтан мерекеге олар бір ай бойы дайындалған.

Германиядағы Рождествоның ерекшелігі көп. Мұндағы халық адамдар мен жануарлардың фигуралары арқылы әртүрлі діни көріністерін жасауды игі дәстүрге айналдырған. Бұл фигуралар әр жанұяда көздің қарашығындай сақталып, тіпті, атадан балаға мирас болып беріліп отырған. Рождество мерекесіне дайындық мерекенің өзіне 4 жұма уақыт қалған кезден-ақ басталады. Бұл кезең Адвент деп аталады. Сондықтан желтоқсанның 1-і мен 24-і аралығы «Адвент уақыты деп аталыды». Латын тілінен аударғанда «Адвент» - «күту» дегенді білдіреді. Бұл христиан дініндегі Исус Христостың дүниеге келуі сенімдерімен байланысты.

Бұл мейрамның кең тараған түстеріне жасыл және қызыл түстерді жатқызуға болады. Наным-сенімдерге байланысты үйге жыл бойы жасыл болып тұратын өсімдіктерді орнату адамдарды пәле-жаладан сақтайды деген түсінік қалыптасқан. Сенім бойынша жасыл түс – күш-жігерді, қызыл – Христостың дүниеге келуін бейнелейді.

«Возрождение» Павлодар облыстық немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінде Адвент мерекесінде қоғам мүшелерімен кездесу жақсы дәстүрге айналды. Бұл күні дастархан басында майшамдар жағылды, ал қылқан мен мандариннің иісі мерекені жақындатқандай долды, сонымен қатар, тамаша мерекені, ұмытылмас Рождество ғажабын зор үмітпен күту сезімі залда жиналған барлық адамдардың жүздерінен-ақ байқалып тұрды.

Этномәдени бірлестік қатысушылары Кристина Барвих пен Ольга Шульц қонақтарға мереке тарихы жөнінде баяндап, түрлі мерекелік әндерін айтып берді. Дәстүр бойынша бұл мереке кезінде балалар Аяз атаға немесе Вайнахтсманға хаттар жазады. Біреулері Рождество қарсаңында алғысы келген сыйлықтарын, ал екіншілері асыл армандарын жазды. Германияда балалар желтоқсанның 5-нен 6-на қараған түні кіреберіс есіктің алдына жақсылап тазаланған етіктерді қойып қояды екен. Ал ата-аналары бұл мерекені сыйқырлы ету мақсатында етіктерге арнайы дайындаған сыйларын салады екен. Мереке барысында көптеген неміс тілінің курстарын баорушылар Рождество жайлы өлең шумақтарын оқыды.

«Возрождение» Павлодар облыстық немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Литневская Ольга Владимировна барлық мереке қатысушыларын жарқын мерекемен құттықтап, әр жанұяға бақыт пен береке тіледі. Ал мереке соңында барлығы дастархан басында қосылып рождестволық әндерді бірлесіп орындады.

Фото

5559

Фото

5560

Фото

5561

Фото

5562

Фото

5563

Фото

5564

Фото

5565

Фото

5558