- Толығырақ
-
Жарияланды 27 Қараша 2017
Астана қаласында Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің Қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жоба байқауы өтті. Байқауға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, Қазақстанның ғылыми-сараптамалық қауымдастығының өкілдері қатысты.
С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетін Е. Бекмаханов атындағы өлкенің тарих пен этнография ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры және философия ғылымдарының докторы, профессор Амантай Құдабаев таныстырды.
Өзінің жобасында қазақ халқының шоғырлануын қарастырды. Амантай Жетпісұлы жалпыұлттық ынтымақтастықтың маңызды аспектісіне, оның еліміздің дамуы мен көркеюіндегі рөліне тоқталды. А. Құдабаевтың жобасы сарапшылардың қызығушылығын тудырып, екінші орынға ие болды.
Байқаудың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары ашық дауыс беру арқылы республикалық сарапшылар комиссиясымен анықталды.
Іс-шара құрылтайшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы. Байқау этносаяси және этноәлеуметтік жағдайды жетілдіру мақсатында өткізілді. Сол үшін отандық ғалымдардың ғылыми-сараптама әлеуеті мен жастар жұмылдырылды.
Ең үздік ғылыми жобаны таңдау үш кезеңнен тұрды: аймақтық, республикалық және қорытынды. Қорытынды кезеңде қатысушылар жобаларын таныстырды.
Фото