5453Достық үйінің акт залында "Мерказ" облыстық еврей бірлестігінің 25 жылдығына арналған мерейтой өтті. Мерказ" еврей этномәдени бірлестігіне 25 жыл толды. Облыс, қала басшылығы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Семей қаласының және Павлодар облысының еврей орталығының өкілдері іс-шараның қонақтары атанды. Қонақтар мен көрермендерге «Мерказ» орталығының  қызықты концерттік бағдарламаcы, сондай-ақ орталықтың құрылу тарихы туралы айтылды.

Мерейтой «Мазаль» хореографиялық ұжымының орындауындағы әдемі «Шашу» қазақ биімен ашылды. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы өз сөзінде барлық қатысушыларды "Мерказ" орталығының 25 - жылдық мерейтойымен құттықтап, сәттілік тіледі. Бірлестіктің белсенді мүшелерін мрапаттау рәсіміне Е.М.Рахимжанов, А.Г.Дяк және Э.С.Паули жалғастырып, орталығына өркендеуін тіледі.

1996 жылы "Мерказ" ұлттық-мәдени орталығының қауымдастығы "Мицва" еврей ұйымдарының құрамына кірді. Осыған орай мерейтой иелерін арнайы құттықтау мақсатында іс-шараға еврей қауымдастығының Президенті, Қазақстанның Еуроазиялық Еврей Конгресінің мүшесі, Қазақстанның Хэсэд Президенті Александр Иосифович Барон атасалысты.

Осы тамаша күні қонақтар орталығының бірінші қадамдарын көріп, дамуына зор үлес қосқан адамдарды еске алды. Бұл: 20 жыл астам «Мерказ» этномәдени бірлестігінің төрағасы – Свечинская Фаина Павловна, Леонид Шестак, Татьяна Любарская, Софья Бурштейн, Марат Динерштейн, Свечинский Леонтий Абрамович, Резников Юрий Йолевич, Зайденварг Григорий Моисеевич, Лесина Софья Федоровна, Рабкин Семен Захарович, Коростошевская Ева Яковлевна, Даербаева Галина Анатольевна, Гольбрах Владимир Лейбович, Шнееров Владимир Михайлович, Рог Файва Файвович, Рубина Сарра Лейзаровна, Тарасуло Феликс Аронович, Поченигина Рахиль Исаковна, Жеребецкая Рената Станиславовна, Смоленский Петр Николаевич, Ганелин Давид Григорьевич.

Павлодар облысының дамуына да елеулі үлес қосқан еврейлер өте көп. Олар: Нахман Гершевич Шафер, Григорий Петрович Гутник, Лина Ароновна Тарасула, Моисей Семенович Краснов, Валерий Алексеевич Ступельман, Борис Исаакович Каминский, Фаина Михайловна Шнеерова, Борис Ефимович Узденский т.б.

Павлодар облысының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары құттықтау сөзідерінде "Мерказ" орталығына үлкен жетістіктер тіледі, ал орталық төрағасы Татьяна Семеновнаға әріптестері естелік сыйлықтар мен дипломдар табыстап алғыстарын білдірді.

Мерейтойы өте қызықты өтті деуге болады. Бағдарлама "Мазаль" хореографиялық ансамблінің, "Анахну" ән ұжымының, "Тэйбэлах" вокалдық тобы мен "Тапуах" вокалдық студиясы орындауындағы жарқын ән-билерімен, сондай-ақ Абдығомар Қанат пен Дмитрий Назаренконың орындауындағы жеке әндер көрермендерді қуантты. Сонымен қатар, мерекеге арнайы Семей қаласынан келген шығармашылық ұжым өзімен бірге қызықты билерін алып келді.

«Мерказ» этномәдени бірлестігінің 25-жылдығына арналған мерейтойлық кеші  «Хава Нагила» әдемі әнімен аяқталды.

Айтпаев Максат

Фото

5454

Фото

5455

Фото

5456

Фото

5457

Фото

5458

Фото

5459

Фото

5460

Фото

5461

Фото

5462

Фото

5463

Фото

5464

Фото

5465

Фото

5453