5387111 қазан күні Достық үйінде "ашық есік күні" өтті. Іс-шараға колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Бұл ауқымды іс-шара Достық үйінің өмірі және шығармашылығымен таныстыруға, әр түрлі халықтардың мәдениеті туралы білім алу, сондай-ақ жинақталған тәжірибімен жастармен бөлісу мақсатымен ұйымдастырылды. Ашық есік күнінің бағдарламасы мазмұнды болды. Онда дөңгелек үстелдер, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің кабинеттеріне экскурсиялар өткізілді. Келушілердің барлығын Достық үйінің шығармашылық ұжымдарының белсенділері мен педагогтар қарсы алды.

Іс-шара барысында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев өз  сөзінде  Достық үйінің қызметінің принциптерімен, этномәдени орталықтарының өкілдерімен таныстырып, сондай-ақ бірлестіктердің жұмысы туралы қысқаша мәлімет берді. Жиынның ресми бөлігі аяқталған соң іс-шараның барлық қатысушылары топтарға бөлініп, Достық үйінің этномәдени орталықтарының барлық оқу сыныптарына экскурсия жасады.

Барлық жиналған қауымға әрбір орталық өз мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы мәлімет беріп, сонымен қатар, халық аспаптарында ойнаудың кейбір элементтерімен таныстырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар үйлестіру кеңесінің төрағасының орынбасары Рамиль Смаилов келген жастарымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде ол облыстық ҚХА жанынжағы жастар ЭМБ-нің үйлестіру кеңесінің мақсаттары мен міндеттері туралы айтты. Ал іс-шараның соңында Достық үйінің хореографиялық ұжымдары қатысушыларға мастер-класстар  өткізді.

Фото

5387

Фото

5389

Фото

5390

Фото

5391

Фото

5392

Фото

5393

Фото

5395

Фото

5396

Фото

53871