5363«Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі «Киелі жерлерге саяхат» бағдарламасы бойынша Екібастұз қаласы аумағына қарасты Ақкөл ауылы маңында орналасқан Исабек ишан хазіреттің кесенесіне арнайы сапар ұйымдастырды. Бірлестік төрайымы Бақытжамал Шаханқызы кесененің шырақшысы, хазіреттің ұрпағы Ерғали Жәлелұлына «Нұр-Ана әлемінің» атынан сарыала жезбен көмкерілген тобылғы сапты қамшыны сыйға тартты. Бұдан соң киелі жерге тағзым етушілер тобы аруақтардың рухына құран бағыштатып, құрбандыққа қой шалдырды.

Сондай-ақ, Ескелді ауылындағы Мәшһүр Жүсіп кесенесіне де арнайы сапармен барып, әулиенің рухына бағышталған діни рәсімдерді орындады. Мәшһүр Жүсіптің қайта қалпына келтірілген үйінде, жаңадан ашылған мұражайында болып көзі тірісінде пайдаланған заттарын тамашалады, өмірбаянына қатысты деректермен танысты.

Тарихи танымдық, рухани тағылымдық мәні зор  сапарлар әлі де жалғасады.

Бақыт Аханбаева,

«Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Фото

5364

Фото

5363