53583-ші қазан күні Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жастардың пікірталас алаңы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мен облыстық ҚХА ұйымдастыруымен өтті. Пікірталас алаңына облыстық ҚХА мүшелері, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, аймақтағы ЖОО мен колледждердің студенттері – барлығы 150-ден астам адам атсалысты. 

Сыбайлас жемқорлық – бұл екі жақ арасындағы қылмыстық «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю үшін пайдаланатын адам. Жиын барысында мұндай әлеуметтік құбылыстың қаншалықты қауіпті екендігі, қоғамға және қоғамның мүшелеріне, саяси, материалды және басқа зиян келтіретіндігі жөнінде сөз болды. 

Жиын басында облыстық ҚХА жастары сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарастарын театрландырылған қойылымдар арқылы білдірді. Жастар қоғамның түрлі салаларында көрініс табатын бұл қылмысты жасаған адамдардың ішкі дүниесін, уайымын және қоғам мен мемлекет дамуына келтіретін зардаптарын аша білді. Бұл қойылымдарға татар-башқұрт және славян этномәдени бірлестігінің жастары және неміс ЭМБ-нің «Фадэн» театр студиясының актерлары қатысты. 

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Ардақ Әнуарбекұлы Балғожиннің қатысуымен өтті. Ол қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша сөз сөйлеп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. «Сыбайлас жемқорлық қазіргі таңда еліміздің дамуына қауіп төндіретін қылмыстық әрекеттің бір түрі болып табылады. Ал «Қазақстан-2050» стратегиялық құжатында сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретіні жөнінде айтылады. Осы орайда мемлекет пен қоғам оған қарсы күреске бағытталуы керек» - деді Ардақ Әнуарбекұлы. Іс-шара соңында А. Балғожин әсіресе жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыларды мемлекетке адал қызмет етуге үндеді.

Айтпаев Мақсат

Фото

5359

Фото

5360

Фото

5361

Фото

5362

Фото

5358