- Толығырақ
-
Жарияланды 26 Қыркүйек 2017
Қазақстан халқы тілдерінің XIX республикалық фестивалі және Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында жастардың, тіл жанашырлары және этномәдени орталықтары өкілдерінің атап айтқанда, неміс, татар-башқұрт, шешен-ингуш, поляк және басқа да этномәдени бірлестіктердің қатысуымен Павлодарда тілдер айлығы өткізілді.
Қазақстан халқы тілдерінің күні Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен жарияланып, республикада жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойланып келеді.
Фестивальдің негізгі мақсаты әр ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау, жастардың тілге деген қызығушылығын арттыру және біздің елімізде тұратын әр ұлттың ерекшелігі мен құндылығын көрсету.
22 қыркүйекте «Тіл – достық құралы» атты фестиваль тіл саясаты туралы фильммен және тіл саясатын насихаттау мен дамытуға үлес қосқан тұлғаларды марапаттаумен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасты.
Жалпы аталған тілдер айлығы шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында елімізде тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, тарихын және тұрмысын насихаттайтын 200-ге жуық іс-шара, сондай-ақ тілдерді меңгеруге арналған байқаулар, дөңгелек үстелдер, концерттік бағдарламалар мен конференциялар ұйымдастырылып өткізілді.
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Сәуле Османова аталған мерекеде құттықтау сөз сөйлеп, тіл – халықтың тарихы, мәдениеті мен өркениетке қол жеткізудің кілті, халықтар арасындағы достық, бірлік және келісім тірегі екенін атап өтті.
Фото