531110 қыркүйек күні қаламыздың орталық саябағында «Бір отбасында тұрамыз» жылсайынғы жазғы фестивалінің жабылуына арналған мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл күні облысымзды мекен еткен көптеген этнос өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктердің қатысушылары бір отбасындай жұмылып, жиналған қауым назарына көптеген әсем әндер мен мың бұралған билерін паш етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, іс-шара барысында «Отбасым – алтын бесігім» атты Отбасы күніне арналған квест-ойыны өткізілді. Облыстық этномәдени бірлестіктерінің ең белсенді отбасыларының қатысуымен өткен бұл ойын облыстық ҚХА жанындағы жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің ұйымдастыруымен және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен өтті.

Сайыс ережесіне сай квест-ойыны басында әр отбасыға тапсырма және жүру бағыты жазылған конверттер тапсырылды. Әр кезеңді өткен соң командаларға жаңа тапсырмалар беріліп отырды. Сайыс барлығы 8 кезеңнен тұрды. Қатысушылар ойын кезеңдерінің әртүрлілігімен ерекшеленгенін және тапсырмалардың өте қызық дайындалғанын атап өтті. Ойын барысы спорттық шеберлікті талап ететін кезеңдермен қатар, тапырлықты да қажет ететін көптеген тапсырмаларға толы болды. Қатысушылардың бір бөлігі Қазақстан Республикасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және ЭКСПО тақырыбындағы сұрақтарға жауап берсе, екіншілері мақал-мәтелдерді қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударып, тілдерді білу шеберліктерін байқатты.

Қатысушылар тапсырмаларды орындап, кезеңдерден сүрінбей өтуге тырысып жүрген уақыт аралығында саябақ сахынасының төрінде жазғы фестивальдің үздік әндері мен билері орындалды.

Сайыс нәтижесі бойынша Пфафегут және Окоповтар отбасыларына «Ең креативті команда» ниминациясы бұйырды. Үшінші орын иегерлері Башировтар отбасына тұрмыстық техника сатып алу сертификаты, екінші орын иегері Григориаде отбасына  - теледидар, ал сайыс жеңімпазы болып атанған Жанқариновтар отбасына ноутбук табысталды.

 

Айтпаев Мақсат

Фото

5312

Фото

5313

Фото

5314

Фото

5315

Фото

5316

Фото

5317

Фото

5318

Фото

5319

Фото

5320

Фото

5311