5279Жаз бойы, әр демалыс күндері, қаланың орталық саябағында облыстық этномәдени бірлестіктер қала тұрғындары мен қонақтарын өз халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерімен таныстырып, концерттік бағдарламаларын ұсынып, жақсы көңіл-күй сыйлауда. Барлық іс-шаларар «Бір шаңырақ астында» жылсайынғы жазғы фестивалінің аясында өтуде. Өткен демалыс күндері дүбірлі бағдарлама өзбек, ұйғыр және қырғыз этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтті. Аталған этномәдени бірлестіктер өздерінің қызық та әсерлі мерекелік бағдарламасын паш етті. Іс-шараға қала тұрғындары, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты. 

Бағдарлама барысында болған көріністерден ғасырлар бойы тығыз қарым-қатынаста өрбіген бұл халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерінде көптеген ұқсатсықтарды айқын аңғаруға болады. Ал бұл халықтардың басты ұқсастықтары ретінде олардың қонақжайлылығын айта кеткен жөн. 

Өзінің құттықтау сөзінде Павлодар облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Жетпысбаев Сейсембай Қалижанұлы орталықтардың жоғары деңгейдегі жұмысын атап, шығармашылық табыстар тіледі. 

«Туған жер» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 6 маусымында облыстық қырғыз этномәдени білестігінің ұйымдастыруымен Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің жазғы лагерінің қатысушылары арасында суреттер байқауы өткізілген болатын. Байқауға 5-тен 15 жас аралығындағы балалар қатысты. Суреттерде балалар еліміздегі бейбіт өмір мен көгілдір аспанды, гүл шоқтарын, биікке самғаған құстарды бейнеледі. Осы байқауы қорытындысы бойынша қазылар алқасының төрағасы, облыстық қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Орузбаев Болатбек Әбдиұлы  барлық суреттердің Отанға деген шынайы сүйіспеншілікпен орындалғанын тілге тиек етіп, 16 белсенді қатысушны естелік сыйлықтармен марапаттады. 

Мерекеге қатысқан көрермендер назарына қырғыз, өзбек және ұйғыр тілдерінде көңілді әндер мен мың бұралған билер ұсынылды. Ал бұл халықтардың мәдениетін тереңірек тану үшін киім үлгілері, салты мен дәстүрлері жөнінде көптеген қызықты ақпарат айтылды, сондай-ақ сұрақ-жауап сайысы және бүлдіршіндерге арналған көңілді ойындар өткізілді. 

Мерекелік бағдарлама соңында ең белсенді қатысушыларға кәдесыйлар табысталды. Соған қоса, ұйымдастырушылар келген қонақтар үшін дәстүрлі ас – палауды дайындап дәм татырды.

Айтпаев Мақсат

Фото

5280

Фото

5281

Фото

5282

Фото

5283

Фото

5284

Фото

5285

Фото

5286

Фото

5287

Фото

5288

Фото

5289

Фото

5290

Фото

5291

Фото

5279