5272Өткен демалыс күндері қалалық және мәдениет саябағында «Айреник» этномәдени бірлестігінің мәдениіті күні өтті. Мереке ұлы даламыздың үні -домбыраның күмбірлеген күйімен ашылды.

Армян халқы қонақжайлылығымен, жомарттығы мен шынайылығымен белгілі. Мереке аясында «Айреник» этномәдени бірлестігі павлодарлықтармен армян халқының мәдениетінің бір бөлігімен бөлісті.

Мереке бағдарламасы тек әндер мен билермен ғана емес, сонымен қатар көрермендердің барлығы қатысқан ойындар және жарыстармен де ерекше қызық өтті.  Павлодарлықтар «Эребуни» вокалдық тобының және Сусанна Аракелян мен Овсепян Сюзанның орындауындағы жеке орындауларын тамашалады. Сонымен қатар балалар арасында «Жігіттің күші» деп аталатын көңілді ойын өткізілді. Ойынға тек қана жігерлі, айбатты, «ең мықтымын» деген балалар қатысты. Байқауы қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, тек жеңімпаздарға семес, барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.

Мереке соңында «Айреник» армян этномәдени бірлестігінің төрайымы Петросян Эльмира Бениковна мереке қонақтарына ризашылығын білдіріп,  балаларды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, концерттің ең жас қатысушылары, бірінші сынып оқушылары естелік сыйлықтармен марапатталды.

Фото

5273

Фото

5274

Фото

5275

Фото

5276

Фото

5277

Фото

5278

Фото

5272