5225Павлодар қаласның орталық саябағында жыл сайынғы «Бір шаңырақ астында» атты жазғы фестиваль аясында, тәжік мәдениетінің күні өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушы - «Ситорай сомон» тәжік этномәдени бірлестігі. Осы жолы бірлетік белсенділері мен шығармашылық ұжымдарының қатысушылары қала тұрғындары мен қонақтарына «Қауын мерекесін» ұйымдастырды.

Мереке барысында барлық жиналған қауымға тәжік халқының салты мен дәстүрі, атақты адамдары, ұлттық тағам жайында көптеген ақпарат айтылып, қызықты сайыстар өткізілді. Ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді. Соған қоса, көрермендер тәжік халқының мәдениеті мен тұрмысымен, қолөнерімен, музыкалық аспаптарымен, биімен, Омар Хайямның шығармаларымен танысып, тәжік халқының ұлттық тағамы – палау мен қауыннан дәм татты. 

Тәжік халқының ұлттық дәстүрі олардың  бүкіл өмірімен тығыз байланысты деп атап өтті ұйымдастырушылар. Ол халықтың тұрмысында , киімде , азық-түлігі мен ойындарында анық байқалады. Бұл салтанатты күні  көрермендерге әдемі тәжік билері мен әндері паш етілді, сайыстар мен қызықты ойындар да өткізілді. Жерлестеріміз қарбыз бен қауынның көптеген пайдалы қасиеттерінен хабардар болып, ең тәтті және піскен жемісті таңдау құпияларымен танысты. 

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев пен «Ситорай сомон» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Хусайн Шомахмадович Гулов фестиваль қонақтары мен көрермендеріне белсенділіктері үшін ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан халқына бейбіт өмір, ынтымақ пен келісім тіледі.

Айтпаев Мақсат

Фото

5226

Фото

5227

Фото

5228

Фото

5229

Фото

5230

Фото

5225