5212Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ЭКСПО-2017 көрмесіне арнап өткізіп жатқан жазғы фестивальдің аясында, демалыс күндері чуваш этномәдени бірлестігі өз өнерін көрсетті. Облысқа танымал «Сеспель» чуваш фольклорлық ансамблі халық әндері мен билерін орындады. Қалалық саябаққа жиналған тұрғындар чуваш халқының мәдениетімен, ұлттық тағамдарымен және салт-дәстүрлерімен танысты. 

«Бүгін  біз чуваш халқының  мәдениеті күнін тойлауда. Біз дайындаған бағдарламада чуваш тілінде ғана емес, орыс та, қазақ тілінде әндері бар, себебі біз Қазақстанда өмір сүреміз, сондықтан мемлекеттік тілді білуі тиіспіз. Өздерінің дәстүрлерді сақтай отырып, мереке үшін әзірленген көрермендерге ұлттық бәліштерді дәмін татуға болады», -  дейді чуваш бірлестіктің төрағасы Елена Ивановна Сафронова. Соған қоса, орталықтың ұйымдастырушысы, Чуваш елінен келген сыйлы қонақ, Чуваш ұлттық конгресінің мүшесі, профессор, философия ғылымдарының докторы, Федотов Василий Артемьевич құттықтау сөз сөйледі.  Ол осы шараның маңыздылығын атап, 20 жыл бұрын бірлестігінің бірінші бастамаларын айттып, орталығының мүшелеріне және шығармашылық ұжымдарына өркендеуін және табыс тіледі. 

Іс-шара шеңберінде көрермендер арасында сұрақтар қойылып, викториналар өткізілді. Бұл ойындар арқасында барлық қонақтар чуваш халқының тарихы,  ұлттық тағамдар мен дәстүрлері туралы көп мағлұмат алды. Ең белсенді қатысушылар сыйлықтарымен марапатталды. 

Чуваш этномәдени бірлестігінің мәдениеті күніне арналған мерекелік бағдарламасы ұлттық әсерлі биімен аяқталды.

Айтпаев Мақсат

Фото

5213

Фото

5214

Фото

5215

Фото

5216

Фото

5217

Фото

5218

Фото

5219

Фото

5219

Фото

5220

Фото

5221

Фото

5222

Фото

5223

Фото

5224