5180Жүзден астам ақ кигіз үйлер, ежелгі аспаптардың үні, ұлттық ойындар мен көз тартатын әсем зергерлік бұйымдар – осының барлығын 12-ші және 13-ші тамыз аралығында Павлодарда өткен «Ұлы дала елі» фестивалі аясында ондаған мың облыс тұрғындары мен қонақтарыныың назарына ұсынылды. Биыл фестиваль ежелгі заманда керуентер тоқтап, қазақ сұлтандарының қысқы тұрақтары болған Ертіс өзенінің жағалауында өткізілді.  

- Қасиетті Ертіс Баян жерінде «Ұлы дала елі» фестивалін өткізу игі дәстүрге айналып отыр, - деп сөз бастады Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. - Биылғы ауқымды шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Президент сөзімен айтар болсақ, «Біз бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз». Бүгінгі таңда рухымызды тіктеп, жарқын болашаққа бет түзедік. Осынау думанды тойға Моңғолия, Ресей, Қытай сынды елдерден меймандар мен өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар келіп отыр. Талай ғасыр ел тарихына куә болған қарт Ертіс жағасына бәрімізді перзенттік жүрек алып келіп отыр. «Ұлы дала елі» деген атауға ие болған игілікті шара алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Барлықтарыңызға құтты болсын.

Этноауыл 6 тақырыптық аймақтарға бөлінді. Этноауылдың жанында жергілікті шығармашылық ұжымдар өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынып, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі кеңінен насихатталып көрсетті. Көрмелерде қазақ ұлттық аспаптары, көшпелі халықтың құралдарын, киіз үйдің ішкі жабдықтары мен зергерлік бұйымдарды көрсетілді. Фестивальге кельген әрбір адам қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, ұлттық ойындарына шараларға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Айтулы мерекеге жергілікті ЭМБ мүшелері де белсенді қатысты. Өз алдында олар да халық назарына мерекелік бағдарламасын паш етті.

Қонақтарға белгілі композитор Ұлықпан Жолдасов пен павлодарлық айтыскер ақын Асығат Тұрғанбектің ән-сөзіне жазылған «Ұлы дала елінің» әнұраны шырқалды. Әнді отандық эстрада жұлдыздары «Мұзарт» тобы орындады. Екі күнде павлодарлықтар үшін Төреғали Төреәлі, Нұрлан Әлімжанов, «Alem band» және «BN», Райымбек Сатыбалды мен «Ұлытау» өнер көрсетті. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Секен Тұрысбек «Көңіл толқыны», «Ұлы дала елі» сынды күйлерді орындады.

Спорттық сайыстардың қызығы ерлердің «Бұқа көтеру» сәті болды. Әрине, өз кезегінде «Көкпар», «Теңге алу», «Қыз қуу» сынды ойындар да өткізілді.

Осылайша, 12-13 тамыз күндері Павлодарда Ертіс жағасында өткен «Ұлы дала елі» этнофестивалі ауқымды әрі кең түрде мерекеленді. Осы орайда, туған елдің туын жоғары желбіретіп, таңнан кешке дейін талмай ән шырқап, би билеп, күй тартқан Павлодар облысының шығармашылық ұжымдарының еңбегін айта кеткен жөн болар.

 

Айтпаев Максат

Фото

5181

Фото

5182

Фото

5183

Фото

5184

Фото

5185

Фото

5186

Фото

5187

Фото

5188

Фото

5189

Фото

5190

Фото

5191

Фото

5192

Фото

5193

Фото

5194

Фото

5195

Фото

5180