5175Сонымен қатар, С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының негізінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының филиалын ашу туралы келісім бекітілді.

Шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директоры Зиябек Қабулдинов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова, облыстық басқарма басшылары мен тарихшылар және өлкетанушылар қатысты.

Сонымен қатар, С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының негізінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының филиалын ашу туралы келісімге қол қойды. Пікір-талас алаңының жұмысы барысында аймақтық әкімшіліктің қаржылық қолдауымен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты мен жергілікті тарихшы-ғалымдардың күшімен үш томдық «Павлодар облысының тарихы» атты фундамендалды ғылыми басылымды әзірлеудің мәселелері талданады.

Сонымен қатар, өлкенің тарихшыларын Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институттың жүзеге асырып отырған жобаларына тарту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында фундаменталды ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша ортақ жобаларды әзірлеу мәселелері талданады.

Қазақстан тарих және мәдениет институтының директоры Қайрат  Батталовтың айтуынша, ПМУ ғалымдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық реестрге өз жобаларын берген. Мәселен,   Сабындыкөл-3 археологиялық ескерткішін қайта құру жөнінде және тағы да басқа.

- Қазіргі таңда Павлодар облысы географиясының сакралды картасын  құрастыру жөніндегі жұмыстың басталғанын атап өткен жөн.  Бұл ежелден бергі киелі саналған нысандарды қамтитын болады. Екіншіден, бұл қасиетті әулелер өмірсүрген және жерленген жерлер. Үшіншіден, маңызды тарихи оқиғаларға байланысты нысандар кіреді. Мәселен, қазақтар мен жоңғарлардың шайқасы болған Қалмаққырылған тауы секілді жерлер,  - дейді Қайрат Қанатұлы.

Фото

5175

Фото

5176

Фото

5177

Фото

5177

Фото

5178

Фото

5179