3102

Қаңтардың 13-ші жұлдызында, Ескі Жаңа жыл қарсаңында Славян мәдени орталығы өткен жылдың нәтижесін қорытындылады. Шығармашылық кеш өткен «Достық» концерттік залының фойесінде орталықтың мүшелері мен ардагерлері, берсенділері, Павлодар тұрғындары мен Ресейден келген қонақтар жиналды.

Славян мәдени орталығының жастар қанаты «Ескі Жаңа жылдық дәстүрлер» атты көңілді бағадарламаны дайындаса, шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін жинлған қауымға паш етті, ал орталықтың ардагерлері мен қарттары бағдарлама қатысушыларына жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.

Орталығы үшін биылғы жыл ерекше болып табылады, өйткені биыл бірлестік 20-жылдық мерейтойын атап өтеді.

«Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 1996 жылы бейбітшілік пен өзара келісімді сақтау, орыс тілін оқыту және қолдау, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді сақтау, оны жаңғырту мақсатында құрылған болатын. Бірлестіктің төрайымы Татьяна Ивановна Кузина орталықтың басшысы, басақылшысы, шабыттандырушысы болып табылады. Татьяна Ивановна Қазақстандағы Ресей елшілігінің жанындағы Отандастар үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылады.

Бірлестік құрамында ардагерлер кеңесі мен жастар бірлестігі, 22 шығармашылық ұжым жұмыс жасауда. Шығармашылық ұжымдарының ең танымалдары: Шиллер ардареглер хоры, «Раздолье» би ұжымы, «Соседушки», «Славянки», «Лада», «Рябинушка» фольклорлық ансамбілдері,  «Берегиня» жастар вокалдық ұжымы, әдеби-музыкалық салон, «Скворечник» әдеби театры. Сонымен қатар жастарға арналған «Зодиак» клубы,  «Павлодарский городок» миниатюралар клубы, «Северная башня» тарихи семсерлесу клубы және т.б. бар.

                Славян мәдени орталығының Ақсу, Екібастұз қалаларында, Баянауыл, Қаыр, Железин, Май, Лебяжье, Павлодар және Шарбақты аудандарында бөлімшелері жұмысын жасауда. Ресейдің мәдени фондымен, Омбы, Новосібір облыстырымен, Алтай өлкесі және Мәскеу қалаларымен бмәдени байланыстар орнатылған.

 

Шолпан Мусина

 

аудармасын жасаған Мақсат Айтпаев

 

Фото

3103

Фото

3104

Фото

3105

Фото

3106

Фото

3107

Фото

3108

Фото

3109

Фото

3110 

Фото

3102