Жеңімпазды құттықтаймыз!

9187

Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушысы, белорус бөлімінің белсенді мүшесі  - Анастасия Солоденко қашықтықтан өткізілген Республикалық Мұқағали Мақатаев атындағы «Шығармашылық мұра» көркемсөз оқу конкурсында I дәрежелі Дипломына ие болды.

Толығырақ...

Шафер музей-үйінде

9184

Өңірлік ассамблея мен «Қоғамдық келісім» КММ мамандары есімі облыс қана емес, алыс-жақын шет елдерге танымал тұлғамен жақынырақ танысу үшін Шафердің музей-үйіне барып қайтты. Ассамблеяның көрнекті өкілі Шафер Наум Григорьевичтің өмірі мен қызығушылығы  туралы қысқаша тоқталып өтсек.

Толығырақ...

Біздің бағымызға сенім мен күту жазылған екен

9184

Павлодар облысы ҚХА Хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ мамандары павлодарлық профессор, музыкатанушы, композитор және әдебиетші Наум Шафермен сұхбаттасты. Биыл Наум Григорьевич Шафер 90 жылдық мерейтойын атап өтіп жатры. Танымал тұлғаның есімі тек Павлодар мен Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге мәлім. Наум Шафердің коллекциясында 27000-нан астам грампластинкалар, 1500 бобина  магнитофон жазбалары, 1500 аудиокассеталар, сондай-ақ музыкалық шығармаларға арналған 500 мыңнан астам карталар (композиторлар мен орындаушыларға сәйкес) жинақталған жазбалар бар. Сонымен қатар, Шафер үйінің мұражай қорында лазерлік дискілер, кең кино кітапханасы және 20 мың кітап, ескі журналдар мен газеттерден тұратын үлкен кітапхана бар.

Толығырақ...

Павлодар облысының үш қаласы мен алты ауылында неміс тілі оқытылады

9178

Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында, Розовка, Луганск, Новочерноярка, Успенка, Шарбақты және Тереңкөл ауылдарында неміс тілін үйренгісі келетін жандар Гете мен Шиллердің тілін оқи алады. Неміс тілін оқыту курстары «Возрождение» облыстық қоғамдық бірлестігі жанында тегін негізде жұмыс істейді.

Толығырақ...