Өңірлік ассамблея мүшелері облыстық Халық радиосының бағдарламасына

9198

1 наурыз Алғыс айту күні аясында ассамблея белсенділері облыстық радионың арнайы бағдарламасына қатысты. Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің  өкілері радио тыңдармандарына аталған датаның маңызы мен мәнін түсіндірді. «Халкъан барт» шешен-ингуш орталығының ақсақалы Ю.Мержоев, корей ұлттық орталығының белсенді мүшесі Л.В. Пак және еврей этномәдени орталығының мүшесі И.А. Тверитнева қатысты.

Толығырақ...

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

Алғыс айту күні – тарихтың түрлі кезеңдерінде қазақ халқының бауырмалдығына бөленіп, Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің киелі қазақ жері мен қазақ халқына деген тағзымның белгісі.

Алғыс айту күні – ауыр күндерді еңсеріп, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолында тер төккен азаматтарының бір-біріне құрметі, тағдыр тоғыстырған әр ұлт өкілдерінің ортақ тарихына деген құрмет.

Құрметті облыс тұрғындары!

Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеміз, олай болса  еліміз жылдан-жылға дамып, биік белестерге жете беруіне тілектеспіз. Баршамызға Алғыс айту күні құтты болсын!

Береке-бірлігіміз берік болсын, ырыс-ынтымағымыз арта берсін!  Жасай бер Қазақстан елі!

Толығырақ...

Павлодар облысының этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қазақ тілін онлайн оқиды

9194

Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ана тілі» орталығымен бірлескен «Келіңіздер, қазақша сөйлесейік» жобасына өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қолдау көрсетті. Облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қазақ тілін оқуға қызығушылық танытып, жаңа жобаның заманауи ерекшіліктерін атап өтті.

Толығырақ...

Мерейтой иесін құттықтады

9192

«Халкъан Барт» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Садулаев Гилани мерейлі 60 жасқа келді. Павлодар облысы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Айнұр Сәрсенбаева және шешен-этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Шамиль Жабраилов мерейтой иесін құттықтап, Павлодар облысының әкімінің орынбасары Айзада Құрманованың алғыс хаты мен естелік сыйлық табыстады.

Толығырақ...