Жазғы фестиваль өз мәресіне жетті

338 Дәстүрлі «Бір отбасында тұрамыз - 2014» атты жазғы этникалық мәдениеттер фестивалі аяқталды. Қала күніне орайластырылған бұл ауқымды шараның жабылу салтанаты қалалық мәдени-демалыс саябағында 13-ші қыркүйек күні өтті. 

Үш айдың ішінде облыстық этномәдени бірлестіктері жамағатты өздерінің мәдениетімен таныстырды. Концерттерінде олар салт-дәстүрлері, тілі, ойындары, ас мәдениеті жөнінде сөз етті.  Фестиваль аясында Жасыл святкалар, Орыс қайыңының мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой, Қауын мейрамы секілді өздерінің ұлттық мерекелерін де көпшілікпен өткізіп үлгерді.

Толығырақ...

Мұсылман әйелдер лигасы келіндер клубының тұсауын кесті

311 Жуырда «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» қоғамдық бірлестігі Отбасы күніне орай «Мейірім» атты келіндер тобының тұсау кесу рәсімін өткізді. 

Көпшілікке мәлім, қоғамдық бірлестік тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды жиі ұйымдастырып, рухани байлықты насихаттап жатады.

Міне, бүгінде Қазақстан Республикасының Отбасы күні екінші жыл қатарынан тойлануда. Бірлестік аталмыш мерей-той қарсаңында жаңа қадам басып, «Мейірім» атты келіндер тобының тұсау кесерін өткізді.

Толығырақ...

Отбасы – өмір тірегі!

297Чуваш этномәдени бірлестігінің «Сеспиль» ән тобының қатысушылары арасында «Отбасылық тағам» атты аспазшылар сайысы өтті. Жанұя күніне арналған бұл шара облыстық «Достық үйінің» салтанат залында ұйымдастырылды. 

Этномәдени бірлестіктің белсенділері бұл мейрамды ерекше тойлауды ұйғарды. Олар ұлттық әрі отбасында барлығы ұнататын тағамдарды әзірледі. Мерекелік дастарханға француз картобы, пеште пісірілген тауық еті, көксерке запеканкасы, «Оливье» салаты, көкнәр, ірімшік және мейізі бар құймақтар қойылды. Осында пирогтар да, «пирожоктар» жиінтүрі де, ірімшіктен пісірілген ұлттық саңырауқұлақ пішініндегі «чокот» атты тағамы да болды. Қатысушылардың бірі, Лидия Волкова, қыздары ойлап тапқан «Отбасылық» салатын дайындап әкелді.

Толығырақ...

Павлодарда «Қауын мерекесі» тойланды

264 «Ситораи Сомон» тәжік этномәдени бірлестігі Павлодарда алғаш рет ұлттық «Қауын мерекесін» тойлады.

Ол қалалық мәдени-демалыс саябағында қыркүйектің бірінші жексенбісінде өтті. Бұл шарада қаламыздың тұрғындары тек көрермен ретінде ғана емес, қатысушылары ретінде де атсалысты.

Толығырақ...