Акцияның қорытынды кезеңі

9258Естай көшесіндегі «Пахомов» азық- түлік дүкеніндерінің бірінде өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «30 игі іс» марафоны аясында қайрымдылық бұрышы ашылған болатын. Кеше ғана осы шара тәмамдалып, бір ай бойы тұрғындарға тегін нан өнімдерін таратқан азық-түлік дүкенінің иесі Серегей Рыбаковқа аналардың алғысын алды.

Толығырақ...

Павлодар облысында Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

9252

Отырыс барысында Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Идият Әбдіқалықов алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ, ол Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерінің құрамы қайта қаралғанын, бұрын кеңес құрамында 28 адам мүше болса, қазір олардың 17-і ғана қалғанын атап өтті. Төрағаның айтуынша бұл қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын мобильді етуге ықпалын тигізеді.

Толығырақ...

Павлодарда Қазақстан халқы Ассамблеясының трамвайы жолға шықты

9247

Наурыз мейрамына орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлайтын әсем безендірілген трамвай Павлодар қаласында жолға шықты. Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы өз бастамасын Наурыз мерекесіне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады.

Толығырақ...

Өңірлік ҚХА-ың тәжік этномәдени бірлестігі «Альрами» клуб үйінің тәрбиеленушілеріне арнап палау дайындады

9241

Өңірлік ҚХА-ның «Ситораи Сомон» тәжік этномәдени бірлестігінің мүшелері менталдық ауытқушылықтары бар азаматтарға көмек көрсететін «Альрами» клубтық орталығының тәрбиеленушілеріне бір қазан палау әзірледі. Тәжік ЭМБ-ің мүшесі Довлатов Сухробтың айтуынша, дәмді палау оны сүйіспеншілікпен дайындаған кезде алынады.

Толығырақ...