Аудармашы Герольд Бельгердің 85 жылдық мерейтойына арналған «Тағдыр толқыны» атты әдеби кеші өтті

624 Қарашаның 3-ші жұлдызында Достық үйінде Аудармашы Герольд Бельгердің  85 жылдық  мерейтойына арналған «Тағдыр толқыны» атты әдеби кеші өтті. Шараның ұйымдастырушысы «Возрождение» Павлодар облыстық немістер одағы» қоғамдық бірлестігі.

Толығырақ...

«Мен Отанымды сүйемін…» атты М.Ю. Лермонтовтың 200-жылдығына арналған поэзия кеші өтті

610 Қазанның 25 жұлдызында Достық үйінің акт залында «Мен Отанымды сүйемін…» атты М.Ю. Лермонтовтың 200 - жылдығына арналған поэзия кешіне өтті. Славян этномәдени орталығы Павлодар  мемлекеттік педагогикалық институтының  Орыс тілі мен мәдениеті  орталығымен бірігіп, аталмыш поэзия кешіне көрермендерді  шақырған болатын. Шараға облысымыздың өнер майталмандары, ЖОО студенттері мен мұғалімдер, мектеп оқытушылары мен оқушылары, облыстық этномәдени бірлестіктерінің белсенділері қатысты.

Толығырақ...

Жеңімпаздары кімдер?

599 «Славян мәдени орталығы» жыл сайынғы шашка ойнынан турнирді өткізді.  Бұл сайысқа 30-дан астам қатысушы атсалысты. Саны бірдей немесе одан да көп адам өз достарын қодауға, ойын барысында дұрыс қадам көрсетуге келді. Негізінен, жарыста славян, белорус, поляк және әзірбайжан бірлестіктерінің жастары бақ сынасты.

Толығырақ...

Адам даналығы өскен сайын ұлғаяды

589 Облыстық Достық үйінде кәріс этномәдени бірлестігі ақсақалдармен кездесу ұйымдастырды. Шараға «Даналар күні» деген атау қойылды. Тегін емес, себебі, жас қосылған сайын адамның даналығы әрі парасаттылығы өсетіні айқын.

«Ардақты ардагерлер, сіздер – біздің алтын қорымыз, біздің тірегімізсіздер.  Әрқашан сіздерді мақтан тұтамыз. Сіздерді Даналар күнімен құттықтаймын! Ең бастысы, бейбітшілік, мейірімділік, келісім тілеймін», - деді кәріс ЭМБ төрағасының орынбасары Раиса Афанасьева.  

Толығырақ...