Достық үйінде Польша елінің тәуелсіздігіне арналған тақырыптық кеш өтті

760 Қарашаның 18-ші жұлдызында облыстық Достық үйінде поляк этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен  Польша елінің тәуелсіздігіне арналған кеш өтті. Бұл мереке жайлы және Польша туралы көп мағлұмат алу үшін шараға этномәдени бірлестіктердің белсенділері, мектеп оқытушылары мен оқушылары қатысты.

Толығырақ...

«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» Шарбақты ауданында

698 13-ші қараша күні «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы аясында Шербақты ауданының мәдениет үйі халыққа лық толды. Тегін емес, өйткені мұнда Успен ауданы «Достық эстафетасын» Шарбақты ауданына тапсырғалы отыр. Бұл мейрам жөнінде халыққа шарадан бұрын хабарландырылған болатын. «Достық мерекесін» асыға күткен аудан халқы шараның көрермендері мен белсенді қатысушыларына айналды. 

Толығырақ...

Успен ауданында «достық» мерекесі тойланды

647 Бүгін Успен ауданында үлкен мереке. «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы»  мега-жобасы аясында Железин ауданы Успен ауданына «достық эстафетасын» тапсыруда.

300-ге таяу аудан тұрғыны, этномәдени бірлестіктердің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалауға жиналды.

Шараға Успен ауданының әкімі Бәкір Саматұлы Демеуов, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев, Железин ауданы әкімінің орынбасары Гүлбарам Ермекқызы Биляева және аудандық этномәдени бірлестіктердің белсенділері атсалысты.

Толығырақ...

«Күзгі бал» атты жастар ойын – сауық бағдарламасы

728 Қарашаның  8 жұлдызында сағат 17:30 облыстық Достық  үйінің  концерттік залының фойесінде  Павлодар облысының  Қазақстан халқы ассамблеясының  жастар бірлесіктернің ұйымдастыруымен  «Күзгі бал»  атты жастарға арналған ойын – сауық бағдарламасы өтті.

Толығырақ...