Ертіс ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалы ашылды
- Толығырақ
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 26 Қараша 2014
2014 жылғы 26-шы қараша күні Бірінші Президент Күні мерекесінің қарсаңында Ертіс ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалы ашылды. Филиал төрағасы аудан әкімі Нығман Құдайбергенұлы Пшембаев атанды.
Қоғамдық институттың ашылуына Ертіс ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Дидара Қанатқызы Қалижанова, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев, «Белорусь» мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Любови Иванвна Богнат, «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрайымы Бақытжамал Шаханқызы Максилова, «Павлодар облыстық шешен-ингуш мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Шамиль Шахидович Джабраилов, «Славяне» Павлодар облыстық болгар ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Валентина Николаевна Шатова қатысты.
Толығырақ...Екібастұз қаласында «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі филиалының ашылу салтанаты өтті
- Толығырақ
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 24 Қараша 2014
23-ші қараша күні Екібастұз қаласның қоғамдық-мәдени өмірінде айтулы оқиға болды. Қалада «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылды. Шара Бірінші Президен Күнімен және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күнімен орайластырлды. Шараны ұйымдастырушы Богнат Любовь Ивановна басқаруымен жұмыс жасайтын «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі.
Филиалдың ашылу рәсімі қалалық «Өнер» мәдениет үйінде өтті.
Толығырақ...Ақын Сүлеймен Баязитовтың шығармашылық кеші өтті
- Толығырақ
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 22 Қараша 2014
2014 жылғы 22 қараша күні Достық үйінің акт залында әдеби-сазды қонақ бөлмесі аясында ақын Сүлеймен Баязитовтың шығармашылық кеші өтті, кеште ақынның жаңа кітабының тұсаукесері болды. Шараны Славян мәдени орталығы ПМПИ-ның Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханамен бірлесе ұйымдастырды. Ақынды осы атаулы күнмен құттықтау үшін әдебиеттегі жолдастары: Қазақстан жазушылар одағының мүшелері – Ғ.Жұматов, Ю.Поминов, ақындар О.Григорьевна және Е.Игнатовская, М.Каримова, М.Қожахметов, сондай-ақ оқушылар мен оқытушылар келді.
Толығырақ...Павлодар заң колледжінің студенттерімен кездесу өтті
- Толығырақ
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 20 Қараша 2014
19-шы қараша күні Павлодар облыстық «Қазақстан мұсылман әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігі Павлодар заң колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шара оқу орнының концерттік залында өтті. Кездесудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол» Жолдауын талқылау және насихаттау. Жиынға заң колледжінің мұғалімдері мен студенттері қатысты.
Толығырақ...