Достық үйінде облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті

314725-ші қаңтарда «Қоғамдық келісім» КММ конференц-залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңестің негізгі міндеті – қоғамда қалыптасқан жағдайды саралау, сондай-ақ өңірде әлеуметтік және басқа да шиеленістерді болдырмау және шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөнінде, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған азаматтық қатысуды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызды жобаларды және бағдарламаларды қолдау және дамыту болып табылаты.

Толығырақ...

Павлодарда "Татьяна күні" тойланды

3139Cтудент жастардың бастарын қосқан мереке өткен жексенбіде «Достық» концерт залында өтті. Оның ұйымдастырушысы болып «Славян мәдени орталығы» аталды. Мейрамға облыстық этномәдени бірлестіктерінің жастар қанатының мүшелері қатысты. Олардың көбі – студент жастар болса, енді біреулері өмірдің бұл қызықты кезеңіне дайындалу үшін, екіншілері осы шақты еске алу үшін келгендер....

Толығырақ...

Өмір бойы гитарамен

3132Өткен сенбі күні Достық үйінің акт залында композитор, ақын, әнші Константин Симоновтың 55-жасқа толуына арналған шығармашылық кеш өтті. Демалыс күніне қарамай, аталмыш кеш иесін мерейтойымен құттықтауға достары мен туыстары, әріптестері мен оқушылары, сансыз табынушылар келді.

Толығырақ...

«Сеспель» және «Чишмя» шығармашылық ұжымдарының жетекшісі Гайнутдин Ташимовтың 60-жылдық мерейтойы өтті

312421-ші қаңтар күні «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің акт залында «Чишмя» – татар-башқұрт, «Сеспель» – чуваш этномәдени бірлестіктерінің және Славян мәдени орталығының ардагерлері хорының жетекшісі Гайнутдин Айнутдинұлы Ташимовтың 60-жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтойға Достық үйінің көптеген шығармашылық ұжымдарының қатысушылары, облыстық ҚХА мен «Қоғамдық келісім» КММ жетекшілері және мерейтой иесінің өнерінің сүйермендері келді.

Толығырақ...