Қымызмұрындық мерекесі өтті

4725Биылғы жылы Павлодарлық Қымызмұрындық мейрамы халықаралық дәрежеде тойланды. Мерекені атап өтуге Омбы, Қарағанды, Ақмола, Алматы және Өңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары келген болатын. Қымызмұрындық – бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Құлын байлап, бие сауылып оның сүті қорланып ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші-көлемдер «қымызмұрындыққа» шақырылған. Ақсақалдар үй иесіне рахмет айтып, батасын береді.

Толығырақ...

«БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ» VII Халықаралық жастар этномәдени форумы өтті

470919 сәуір күні Павлодар облысында «БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ» шекаралас серіктестіктің VII Халықаралық жастар этномәдени форумы ашылды.  Форум жұмысына Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерінен: Омбы, Новосібір, Томск қалаларынан делегациялар, Алтай өлкесінен, Тажікстан, Оңтүстік Корей, Қырғызстан жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, қатысушылар қатарында Қазақстанның  облысының жастар ресурстарының орталықтарының жетекшілері, республикалық жастар ұйымдарының және этномәдени бірлестіктерінің көшбасшылары болды.

Толығырақ...

Қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша өңірлік семинар

4704«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру үшін «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша өңірлік семинар болып өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бірге ұйымдастырылды.

Толығырақ...

Қайырымдылық концерт өтті

4671«Қоғамдық келісім» КММ-нің Жастар жөніндегі жұмыс бөлімі көңілді, ақылды және мейірімді балаларына Ахмади Әмірхан және Нұрғазина Даянаға арналған қайырымдылық концерт ұйымдастырды.  Екі балаға қорқынышты диагноз қойылды: ДЦП спастикалық диплегия.

Толығырақ...